Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.03.2022
163
Оп-оңай ойлар айтпақ боп
Оп-оңай ойлар айтпақ боп,
Қиналам кейде керемет.
Ақындар аулын айттап кеп,
Жегемін жанды жебелеп.
Қараспан тауды каптап кеп,
Шабыттың бұлты шатырлап,
Жатса екен деймін қақ-қақ боп,
Нөсері жырдың сатырлап.
Көңілде жүрген көп ойлар
Шиыршық атып тұрып-ақ,
Секілді селдір тоғайлар
Кетеді қайта ыдырап.
Балапан үрпек сары ала
Жыр оңай қанат қаға ма?
Ол да бір перзент-шағала,
Жанығып жетер жағаға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter