Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.03.2022
157
Тойда
Бәріміз бір тойда болдық,
Бәріміз бір ойда болдық:
Бақыт тілеп жұбайларға,
Балқыған бір бойда болдық.
Шалқып жатты шарап деген
Шарпып жатты канатты өлең.
Бір жігіттің бауырында
Сен отырдың қарап төмен.
Ай мен күнді балап саған,
Меп отырдым қарап саған.
Бірте-бірте тәнге тарап,
Жел беріпті шарап маған.
Ұяңдығым ұмытылды,
Елемедім жігітіңді.
Батыл барып билеп кеттім,
Жалау етіп үмітімді.
Көп биледім сол күні мен
Әсем вальс толқынымен.
Есің шығып кетті білем
Емен еден солқылымен.
Шарапты да еселедік,
Шалқып бимен есе бердік.
Өзге мұңын ойламаған,
Не деген біз есер едік?
Бір түнді артық бағалаппыз,
Басқаларға қарамаппыз.
Екеуіміз екі жанның
От жүрегін жаралаппыз.
Бәріміз бір тойда болдық,
Балқыған бір бойда болдық.
Бірақ, кейін төртеуіміз
Төрт бөлінген ойда болдық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter