Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.03.2022
113
Кейбір адам ретсіз семіреді
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – өмірін кеміреді.
Көзін ашса, ас болып аңдығаны,
Күні-түні ұйқыға беріледі.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – жүруге ерінеді.
Кимылдаса, кысылып қос өкпесі,
Қарға адым жер, қашық боп көрінеді.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – тым ерте жеңіледі.
Келмей жатып қырыққа қартаң тартып,
Әжім ізі бетінде өріледі.
Кейбір адам ретсіз семіреді,
Семіреді – сергек ой шегінеді.
Шегінгені емес пе, талай арман
Көктей алмай көңілде көміледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter