Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.03.2022
162
Бесіктегі нәресте не біледі?
Бесіктегі нәресте не біледі?
Еркелетсең – елігіп, емінеді.
Сырт айпалып, сыртымнан сырластарым
Ақын емес деп жүр ғой көбі мені.
Түсініңдер, туғандар, тегі мені,
Кейде жаным желпініп, желігеді.
Жазайын деп жазбаймын жырларымды,
Өнер өзі өлең боп өріледі.
Кең дүние не деген керім еді?
Қас сұлудың қасындай керіледі.
Бар табиғат тілдесіп, үндесіп бір,
Мөлдіреген маржап боп төгіледі.
Санасаңдар санаңдар сері мені,
Санамаңдар сергелдең пері мені.
Найзағайдай жарқ етіп, нөсерлетіп,
Нағыз ақын бір күні көрінеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter