Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
175
Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін
Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін,
Жаттым балқып құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен жастығым мен мастығым –
Тегенедей төңкерілген емшегің.
Көтеріліп көк төсіне еңсе мың,
Жаттым балқып құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен таңсәрім мен аңсарым –
Тегенедей төңкерілген емшегің.
Жүрегімнің бөлінбейтін бөлшегін
Қалдырыппын құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен сөз жетпейтін Оқжетпес –
Тегенедей төңкерілген емшегің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter