Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
219
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Сен бір биік шынарым
Жанарыңнан жалт еткен
Жадыраған нұр көрем.
Қимылыңнан қалт еткен
Жазылмаған жыр көрем.
Күлімдеген көзіңнен
Таңғажайып жаз көрем.
Дірілдеген сезімнен
Жанға жайлы наз көрем.
Арманым боп бірге өскен
Сен бір биік шынарым.
Үнсіз ғана тілдескен
Мен бір тұйық сыңарың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇