Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
162
Көктем келіп, қыздарды шешіндірді
Көктем келіп, қыздарды шешіндірді,
Шешіндірді – жанартау төсін түрді.
Қыс бойына қымтанған балтырларды
Кілемінде көк шалғын көсілдірді.
Бұзып-жарып шыққандай тастан қына,
Кетті лезде бір ғажап басталды да.
Жаратқанның ерекше сыбағасы –
Сұлулықты жасыру асқан күнә.
Арулардың дірілдеп анарлары,
Жігіттердің жарқ етті жанарлары.
Қауырсындар құшақта жатты өртеніп,
Орындалып ләззатты жан арманы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter