Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
167
Күнім де қуанышым
Күнім де қуанышым бір сен дедім,
Шынында шын бақытым бір сен бе едің?
Түбінде терезеңнің түндер күтіп,
Қақаған аяздарда бүрсеңдедім.
Құлпырған көктемім боп күлсең дедім,
Күлкіңе құлағымды түрсем дедім.
Жылы бір лебізіңді ести аламай,
Құса боп қапаменен құр сенделдім.
Жайнаған жазым болып жүрсең дедім,
Қайнаған құшағыңа кірсем дедім.
Алайда аймалауға айла таппай,
Қиял боп қала берді құр сенгенім.
Ақтарып ағыл-тегіл жыр селдерін,
Кеудеңе керемет гүл ілсем дедім.
Өзіңді ойлай-ойлай ақтығында,
Ақын боп кеткенімді білсең менің...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter