Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  145


Автор: Абдрахман Асылбек

Сағат

Құрбым сағат ұсынды:
«Тексерші, – деп, – тоқтады».
Сыннан өту бұ сынды
Маған оңай соқпады.
Бар тетігін тексеріп,
Ақырында жүргіздім.
Әрең өттім екшеліп,
Сынағынан бұл қыздың.
Сонда боп бар тілегім,
Күнде көрем сағатты.
Сол сағатпен жүрегім
Бір соғып, бір таң атты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу