Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  178


Автор: Абдрахман Асылбек

Мұңайма

Анау әйел түрімен
Көрікті деп мұңайма.
Талай ерді тілімен
Ерітті деп мұңайма.
Талай ерге наз күліп,
Құшағына енгені –
Желігінің жеңгені.
Анау әйел алтынды
Тақты екен деп мұңайма.
Байдан шығып, әркімді
Тапты екен деп мұңайма.
Әдіре қап мекені,
Әлде кіммен жатқаны –
Аттап адал некені,
Зор күнәға батқаны.
Анау әйел баланы
Таппады деп мұңайма.
Тапқанымен саналы
Бақпады деп мұңайма.
Бала бақпай,
Жыртақтан
Жоғалтқаны ақылын.
Болашақтан – ұрпақтан
Қалғаны құр мақұрым.
Басқалардай сымбатты
Емеспін деп мұңайма.
Еріңе шын қымбатты,
Көріктісің былай да.
Сұлулығың,
Аруым,
Таза арың мен ісіңде.
Құрметтейді қауымың
Сені соның үшін де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу