Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
214
Екі қыз
Бір досының үйінде
Екі қыз бар көрікті.
Тыныш жатқан күйінде
Қалдырмайды ерікті.
Екеуінің де есімі
Басталады Ырым деп.
Барсам болды, ресімі –
Қарсы алады күлімдеп.
«Бүгін кешіктіңіз» – деп,
Бірі әзілді бастайды.
«Қайтсін, ісі тығыз», – деп,
Екіншісі қостайды.
Жөнді жауап таппаймын,
Сырымды іште сақтаймын.
Кірпігімді қақпаймын,
Алға үмітпен аттаймын,
Тыйым салар тілге кім?
Менің жалғыз міндетім –
Көрсем болды күнбе-күн,
Екеуінің нұр бетін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter