Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
154
Батыр баба Саңырық
Әнін жазған Рамазан Тайманов
Саңырық – баға жетпес батыр бабам,
Алқакөл сұламада лапылдаған.
Жайратып жауларыңды, қорғап қалған,
Жайқалып бұл күндері жатыр далам.
Жебеңмен жер қаптырып қалмақтарды,
Атағың мергендікпен ардақталды.
Саңырық, Саңырық деп сан ғасырлар,
Тарихта атың сенің ән боп қалды.
Қайырмасы:
Тарихым қайта танылып,
Жарық күн қайта жағылып,
Жалынды жырға айналдың,
Бабамыз батыр Саңырық.
Елім деп ер боп туған батыр жандар,
Жауына жай оғындай атылғандар.
Қалтқысыз қалқаны деп қазағымның,
Сендерді мадақтайды ақын жандар.
Кең байтақ жерімізді қорғап қалған,
Сасыз ер Саңырықтай саңлақ болған.
Мәңгілік ұмытпайды ұрпақтары,
Уақыт озған сайын ардақталған.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter