Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.03.2022
152
Бабамыз батыр Саңырық
Қаралы күндер жамылып,
Тұрғанда елім тарығып,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Аттанған жауға Саңырық.
Қазаққа жаулық сағынып,
Келгенде қалмақ қағынып,
Жебесін кезеп жез тұмсық,
Қырғидай тиген Саңырық.
Шапқанда қалмақ жабылып,
Сұр мерген батыр Саңырық
Садағын кере тартқанда,
Жер құшқан жаулар шаң ұрып.
Тарихым қайта танылып,
Жарық күн қайта жағылып,
Жалынды жырға айналған
Бабамыз батыр Саңырық.
Жауына жойқын самұрық,
Жұлдыздай жарқ-жұрқ ағылып,
Талайдың басы қағылып,
Көрсеткен «ойнын» Саңырық.
Жеңіске бастап бар үміт,
Жаралы жаны жанығып,
Отаны үшін от кешіп,
Сақтаған елін Саңырық.
Тарихым қайта танылып,
Жарық күн қайта жағылып,
Жалынды жырға айналған
Бабамыз батыр Саңырық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter