03.03.2022
  274


Автор: Қасым Аманжолов

Чайльд Гарольд

Джорж Байрон
Чайльд Гарольд
Поэмадан үзінді
Британияда тұрыпты бір жас жігіт,
Езгілікке ден қоймай,дел-сал болып;
Күндерін ол өткізді көп қыдырып,
Бос сандалыс болды оған-ұлы мақсат,
Жалғыз-ақ,зор қырсыққа иді басын.
Жұрт не ұнатса-бәрі де оған ағат,
Тек той-топыр болды оған бар қанағат,
Бөлді әумесер,зинақор ықыласын.
Чайльд Гарольд,оқушым алдыңызда,
Қай тұқымнан екенін кермейді айтқым,
Бірақ та,бір кездерде ардақталған
Әйтсе дағы ұрпақтың қылмыстары
Ата-баба қадірін етеді лас,
Шежірешіл адамның айтқандары,
Шешен сөзі,не жыршы мадақтары,
Оны енді қайтадан ақтай алмас.
Кең аймақта айналған шегірткедей
Дүниеде ол,әйтеуір жүре берді.
Ойда жоқта,өмірін бейне гүлдей,
Жауыз қайғы жоярын ол білмеді.
Міне енді,ауыр жыл келіп жетті,
Сонда ғана өз халін білді анық,
Тағдырын ол сезген соң қасіретті,
Туған елі Гарольдқа тар боп кетті,-
Күркесіндей монахтың етті тарлық.
Бар күнәсін арқалап,несіп жолменКеле жатты,мадақтап аруларды;
Соның бірі Гарольдтың көңілін бөлген,
Амал қанша!Құша алмад сүйген жарды...
Бақытты екен,опасыз махаббаттанҚалды әйтеуір мақсатын сақтап таза,
Болар еді әйелін ашулантқан,
Айнымалы махаббат кәрін тартқан,
Үй ішінің шатағы алып маза.
Бар үмітін тауысып,шектен шығып,
Достарын да ақыры қойды көрмей;
Кейде жасы көзінде тұрды іркіліп,
Менмен Чайльд жүреді еш сыр бермей;
Құшағында қайғының жүрді жалғыз:
Міне енді,талақ қып туған елінКөнді сапар шегуге жолға алыс,
Табу үшін басқа жай,басқа қоныс,
Тозаққа да кіруге буды белін.
...Кеште,күннің батуын тамашалап
Тұрды да ол,арфасын қолына алды,
Әдеті еді,ойласа оңаша қап,
Ұшыратын қанатты қиялдарды;
Тиді қолы арфаның ішегіне,
Қоштасарлық қоңыр саз баяулатты;
Арпалысып толқынмен осы кезде
Түн жамылып сапарға шықты кеме,
Туған жерді жасырып толқын жапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу