Өлеңдер ✍️
ЖАЗ КӨҢІЛ
Жаз көңіл, жарқылдаған бұл бір шығым,
Жаныма дабытпаймын дүние шаңын.
Әніммен қарсы аламын әрбір күнді,
Жайғандай ерке нәзік жар құшағын.
Жаз көңіл жігіт болдық той бастаған,
Құрбыға зейіні бар ой тастаған.
Жас өмір жайлауында шіркін көңіл
Бәйгіден күнде келіп ойқастаған.
Желпимін жанымда бір осындайда,
Үңілер жүрегіме досым қайда.
Кездесіп көңілімнің күнгейінде,
Әніме асыл құрбым қосылмай ма.
АХ, САМАРА, ГОРОДОК!
Орамалым батар- батпас,
Қалқып қана ағады.
Сүйген жарым сүйер-сүймес,
Уақыт өтіп барады.
Қайырмасы:
Ах, Самара, жас қала,
Барамын сөнгенлі.
Барамын сөнгелі,
Жұбатшы сен мені.
Өстім еркін, гүлдедім мен
Он жетіге келгенше.
Он жетіде махаббат
Қыз сорлыны жеңгенше.
Қайырмасы:
Сорлы ақ қайың саған орын
Тимепті өзен жарынан.
Жарым десең жаралама.
Қайырмасы:
Ұмытайын сүйген жарды
Десем – дағы сан рет.
Махаббаттан талай қасірет.
Қайырмасы:
«Қош» десе жар, жүрек шіркін
Лап етер бір жалын ғой.
Қайырады, қалжырайды,
Баяғы ол бір, баяғы ой.
Қайырмасы:
1949
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter