Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  207


Автор: Қасым Аманжолов

ЖАЙЫҚ

Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым.
Жағаңда ойлап, сайрандап
Ескенмін заман қайығын.
Сырғып аққан сыныптай
Сабырлы өзен, салқын су.
Толықыныңды құшақтай
Келіп қонды бір аққу.
Қанаттанып жағыңда
Еді-ау бір кез ол ұшқан.
Сол бір аққу мен едім,
Келіп тұрмын алыстан.
Есіңде ме, Жайығым,
Қалмадың ба жатырқап?
Жамылып кеш сағымын,
Келмеуші ме ем ән шырқап...
Ойын, күлкі әзілмен
Бойыңда өткен талай күн...
Жайық, саған қазір де
Риз бола қараймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу