Өлеңдер ✍️

  02.03.2022
  234


Автор: Қасым Аманжолов

ОҢАША ОЙ

Біреуге достық жасасам,
Қастық боп қайтат өзіме.
Жүрегімді ұқпай етед шам,
Еркіндеу айтқан сөзіме.
Дүниеде досты көп көрдім,
Бәріне сендім бөбекше,
Жанымнан алып от бердім,
Болса да бір бөлексе.
Тіледім оған жақсылық,
Өзімде жетпей жатса да.
Құшақтай бердім қапсырып,
Итеріп көзбен атса да.
Ұғынар дедім достықты,
Болған соң адам баласы.
Осы бір ойым бос шығар.
Жанымда қалды жарасы.
Жеңісім менің жарқ етсе,
Келеді дос боп ант беріп.
Бір жерімнен қалт кетсе
Кетеді шіркін жалт беріп.
Базарым менің ашылсағ
Келеді екн саудагер.
Өз пайдасы табылса,
Мұратынан күліп жөнелер.
Дариға, қайда шын досым,
Бар ма, сірә, өмірде.
Өлеңнен басқа кім болсын,
Қалдырмас кіршік көңілде.
8.1949




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу