Өлеңдер ✍️

  02.03.2022
  722


Автор: Қасым Аманжолов

ЖЕТПІС ПЕН ЖЕТІ

І
Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп» деп
Жетпіс келет сүрініп,
Жеті келет жүгіріп.
ІІ
- Балам, балам, жақсы бол,
Міне сенің мектебің;
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол, тентегім,-
Деп бір жетпіс күрсінді,
Жеті нені түсінді?
ІІІ
Келіп жетті мектепке,
Жамырадыжас өмір;
Келер заман шуындай
Сонда естілді бір дүбір.
Жетті кетті жүгіріп,
Жетпіс қалды үңіліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу