Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.03.2022
178
ТҮН ОРТАСЫ АУҒАНДА
Түн ортасы ауғанда
Отырсың, жігіт, нені ойлап?
Кімнің атын жазасың
Қайта- қайта шимайлап.
Махаббаттың бұлбұлы,
Жүр ғой сенен алыстап.
Ол естімес үніңді,
Шақырсаң да дауыстап.
Кетті ғой ол қайрылмай,
Жат жүрекке не амал!
Ұйықта, достым, қайғырмай,
Түсте көр де,- ләззат ал.
1938, Алматы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter