Әңгімелер ✍️
«ТҰРАН – ИРАН» ЕЖЕЛДЕН ТУЫС ЕЛМIЗ
– Сұлтан Шəрiпұлы, Рузи Иран тақырыбын қозғамай тұрып «Өнер» баспасының кейiнгi уақыттардағы шетел баспагерлерiмен байланысы мəселесiне аз-кем тоқталып өтсеңiз?
– Əдiлiнде солай, Қазақстан өз тəуелсiздiгiн қашан жариялаған болса, тап сол күннен бастап республика баспагерлерi де мемлекетаралық келелi мəселелерге шаш-етектен малшынды да қалды ғой деп ойлаймын. Өйткенi баспагерлiктiң негiзi шикiзат көздерi: қағаз түрлерi, бояулар қоры, түптегiш-қаттағыш қажеттiлiктерi, бейнеалғыш, бейнеайқын- дағыш фотоматериалдар – бəрi де Қазақстаннан тысқары жерлерде өндiрiлiп-шығарылады.
Өздерiңiзге белгiлi, КСРО тұсында «Өнер» баспасы өзiнiң ең таң- даулы өнiмдерiн, барынша талғампаздықпен шығаруды қажетсiнетiн басылымдарын ГДР, Венгрия, Мəскеудiң 1-шi үлгiлi жəне Киевтiң полиграфиялық комбинаттарында бастырып келген едi. Кеңестер Одағы шаңырағы ортасына түсiсiмен бұл берiк байланыстар үзiлдi, тiптi, азын-аулақ қарым-қатынастардың өзi шорт кесiлдi. Атақты ғұламамыз Əлкей Марғұланның «Қазақ халқының қолөнерi» («Казахское народ- ное прикладное искусство») деп аталатын үш томдық бiрегей еңбегiнiң үшiншi томын бастырта алмай, керi қайтарып алуымыздың өзi де соған бiр мысал.
Қалай деген күнде де уақыт бiр орнында тұрмайды. Əр заманның тала- бы бөлек. Мəселен, тəуелсiздiк бастауында тұрған тап қазiргiдей шақтар- да қазақ жерiнiң табиғатын, өткенi мен бүгiнiн, табиғат таңғажайыптары мен экологиялық дерттi аймақтарын, Қазақстан халықтарының тұрмыс- тiршiлiктерiн, мəдени өмiрi мен өнер əлемiн жарқын бейнелеп беретiн
«Өнер» баспасы басылымдары, арнайы аударманы керек етпейтiн əмбе- бап альбомдар, əсiресе ұлттық өнер тақырыбындағы өнiмдерi айрықша қажеттiлiгiн сездiрiп қалуда. Шығандап кетiп шет мемлекеттерге қоныс тепкен қазақ баласы, исi түркi бауырларымыз бен Қазақстан туралы неғұрлым көп мағлұмат бiлгiсi келетiн жат-жұрттықтар үшiн де мұндай таптырмас сый-кiтаптардың берерi зор. Ендеше осындай ой-жобаны нақ- тылы жүзеге асыру мақсатында баспагерлiк iсi озық дамыған бiрнеше шет мемлекеттермен тығыз байланыс орнату ниетiндемiз. Соның бiрер мысалы деп Түркия жəне Қытай елдерi баспагерлерiмен арадағы таныс- бiлiстiктi айтар едiм.
Өткен жылы Қазақстан Елбасымен бiрге Түркия Республикасына барған ресми сапарда Түркияның мемлекеттiк «Өнер» баспасының бас директоры Мəмет Өзəлмен кездесiп, екеуара келiсiмдер жасауға ұйға- рысқан болатынбыз. Тағдыр жазса, ендi бiрер ай жүзiнде анатолиялық бiр топ баспагерлердi қазақ топырағында қонақ етiп қабылдамақшымыз. Сонсоң Қытайдан Шыңжандағы «Өнер» баспасының басшы маманда-
рын арнайы сапармен келiп қайтады деп күтудемiз. Шын елi демекшi, жақын арада Шыңжанның баспа жəне ақпарат министрi, ондаған белдi баспалардың директорлары мен жабдықтау бөлiмдерi бастықтары Қазақстанға келiп, бiздiң баспалар жұмысымен танысып, келiссөздер жүргiзiп қайтты.
– Сiздер барып қайтқан Иран сапары да осы еларалық баспагер- лiк iсiмен тiкелей өзектесе өрiлiп жатыр емес пе? Бұдан тағы тар- мақтала туындайтын сауал: дүниежүзiлiк кiтап көрмесi нелiктен Иран жерiнде өткiзiлдi? Оның бұрынғы Мəскеу көрмелерiнен айыр- машылық-өзгешелiгi неде? Қазақстандық баспагерлер бұл айтулы көрмеде өзiне ғана тəн «өрнек-нақыштарымен» дүйiм жұртшылық назарына iлiге алды ма?
– Жалпы мен қызмет бабына байланысты Мəскеуде өткен соңғы үш кiтап көрмесiне де қатысқанмын. Ең соңғы делiнетiн VII кiтап көрмесi жер-жерден қонақтар шақырылып дүрлiгiскенмен, нарық қыспағына орай аталып өтiлмей қалды ғой. Мəскеу көрмелерiне қатысты көкейде сарапталған өз пiкiрiм, бiрiншiден, аталмыш көрмелер дүниежүзiлiк де- лiнетiн даңқты айқындамасына сай келмей жататын. Көбiнесе социа- листiк елдердiң баспагерлiк өнiмдерi көрме қатарында басым көзге көрiнетiн де, өзара келiсiмдер экономикалық бiр орталықтану талап- тарына сəйкес аталған елдер арасында ғана жүзеге асатын. Екiншiден, көрме қойылымдарының безендiрiлу, орналастырылу сəн-салтанаты көздiң жауын алып, «социалистiк баршылық – молшылық» ұранымен үндесе бермейтiн.
Ал əлемде əр елде өткiзiлiп жатқан кiтап көрмелерi iшiнде өзiмiз қа- тысып, көзбен көрiп қайтқан Ирандағы V Дүниежүзiлiк кiтап көрмесiнiң тарихи орын-бағасы өзгеше бөлек болды десек, асырып айтпаймыз.
Тау баурайындағы ұлан-ұзаққа созылып, мейлiнше көркемделе ор- наластырылған көрме павильондары жер-жаhанның 100-ден астам елдерiнiң 1000-ға жуық iрi-iрi баспаларының өте озық үлгiде басылды делiнген өнiмдерiн жиып, қойнына құшыпты. Оның iшiнде азаттық алған Орта Азияның бес тəуелсiз мемлекеттерiнiң көрмелерi айрықша құрметтелiп, жеке отауларға қойылуы жас түркi елдерiнiң айбынын онан сайын асқақтата түскендей.
Көрме жұмысына, оның аясында бiрiншi болып аталып өткен Қазақстан күнiне Аятолла Хоменей, Иран Ислам республикасының Президентi Рафсанджани, белдi-белдi үкiмет басшылары, сол сияқты Иран ұлттық академиясының президентi, Иран ұлттық кiтапханасы- ның бас директоры, Иран университетiнiң ректоры, Иран Президентiнiң мəдениет, өнер мəселелерi жөнiндегi кеңесшiсi, атақты оқымыстылар мен ғұлама дiнбасылар қатысып, түркi елдерi, оның арасында Қазақстаннан келген кiтап көрмесi отауында үзақ аялдап, алуан мəселелер төңiрегiнде пiкiр өрбiтiп, жүрек-жарды ниет-ықыластарын бiлдiруi жалпы V
Дүниежүзiлiк көрменiң үзаққа сақталар, естен кетпес оқиға көрiнiсi болды ғой деп ойлаймын.
Негiзiнде Иранда кiтап шығару өндiрiсi шырқау биiгiне көтерiлiп, əлемнiң мыңдаған халықтары тiлiндегi сан миллион құнды қазыналар ұлттық кiтапхана қорында қордаланып, рухани теңдесi жоқ мұрағаттар бiр орталыққа шоғырландырылғанмен, мұнда қазақ кiтаптары атымен жоқ болып шықты. Сол себептi Қазақстан баспагерлерi көрмеге қой- ған 200-дей ең таңдаулы кiтаптарды (оның iшiнде 70–80-дейiн «Өнер» баспасы шығарған) Иранның Ұлттық кiтапханасына сыйға тартқанда, екi ел өкiлдерi де ризашылық сезiмдерiн жасырып-бүгiп қала алмады. Ал Ирандағы 500-ге жуық iрi баспалар (мұның 30-ы ғана мемлекеттiк мекеме қарауында да, қалғандары түгел жеке меншiк қолында көрiнедi) Қазақстан баспагерлерiмен бiрiгiп кiтап шығару мақсатында келiсiм- шарт жасасып, Иран Ислам Республикасының мəдениет жəне исламды тарату министрi доктор Хатами мырза бастаған сыйлы қонақтар бiздiң республикаға арнайы сапармен келуi, бұл, əрине болашақ күннiң еншiсiнде.
- Сiз Рузи Иранға Қазақстан Республикасының Баспасөз жəне бұ- қаралық ақпарат министрi Қуаныш Сұлтанов бастаған делегация құрамында барғаныңызды бiлемiз. Тəуелсiз мемлекеттiң iс басында отырған өкiлi ретiнде ресми қабылдауларда ненi сезiндiңiз?
- Басты айтарым: Иранның мемлекет басшыларының Қазақстан дегенде ықылас-пейiлдерi өзгеше. Теhран əуежайында Ирандағы бүкiл идеологиялық жұмыстың бағдарламасын қолына ұстап отырған доктор Хатами мырза бастаған үкiмет адамдары бiздердi қарсы алып, екi елдiң министрi Иран теледидарының сұрақтарына жауап берген кезден бастап, қайтар күнге шейiнгi аралықта осы айтылған ыстық ынтығысудың дем- лебi бiлiнiп тұрды. Бiз Иран елi – ежелгi батырлар елi, ақындар елi, аңыз- дар елi дестiк. Көкiректе балалық шақтан сайрап тұрған Қызылбастар елiн, Фирдоуси мен Омар Һайям, Сағди мен Хафиздер елiнiң шығыстық дəстүр-салтты қылау түсiрмей сақтап қалғанын көзiмiзбен көргенiмiз- ге дəн ризамыз дестiк. Тұран мен Иран ойпатының тарихи тамыр- тектерiне қайтадан нəр бiтiру жəйiн де қозғастық. Ирандықтар да осы мазмұндас тiлек-нышандар бiлдiрiп жатты. Алланың ақ туының ас- тында бiрiксек, ХХI ғасыр мұсылман дiнiндегi халықтардың салтанат кұратын ғасыры болады дедi. Тарихи тек-туыстығымызды, мəдени қайнар-бастауларымызды жаңадан жаңғыртып, шығыстық елшiлiк үрдiстi оятып, Еуропа мен Америка елдерi өктемдiгiнен неғұрлым арыла-алшақтай түссек абырой аламыз дедi. Мемлекетаралық шешушi көзқарастар осылайша бетпе-бет келiп ақтарылып жатқанда, Қуаныш Сұлтанұлы идеологиялық майданда əбден ысылғандығын тағы бай- қатып, тапқырлықпен, шеберлiкпен, елшiлерге тəн абай-астармен ұтымды жауап берiп отырды. Иран Ислам Республикасы алға ұстанған
саясаттың бiздiң мемлекеттiк мүдде тұрғысынан қарағанда дұрыс-қиыс келiп қалатын тұстарына тоқталып та жатпады, Иран президентi мен өзге министрлерiнiң ақ тiлекпен аптыққан көнiлдерiне кiрбiң ұялататындай сөз де айтылып қалмады, қысқасы, кызыл империя мен коммунистiк идеология бұғауынан ендi-ендi босанып шыққан Қазақстан тағы бiр сырттан телiнген жат идеология бодандығына түспейтiндiгiн, геосаяси кеңiстiкте қазақ елi тек өз жолымен жүретiндiгiн салқынқанды ой- тұжырымдармен дəлелдi жеткiздi. Жəне бұл қорытынды сөздер Иранның үкiмет басшыларының тарапынан мақұлданып, Қазақстан дегенде жаңа құрмет-сезiмдерiн оятқандай əсер бердi.
Алыс сапардың аты алыс сапар ғой. Оның үстiне мемлекетаралық үлкен мəселелер келiп тоқайласып жатса, ел атынан барған азаматтар- дың еңселi болғанын қалайды-ақ екенсiң. Менiңше, Иранда болып қайтқан Қазақстан делегациясы құрамындағылар өз саласы бойынша жоғары бiлiктiлiктерiн танытып, мансабына, жасына, қоғамдық өмiрде алатын жеке-жеке орнына қарамастан, ауызбiршiлiктi, қай халық атынан келгендiктерiн жарқын көрсете бiлдi. Шерхан Мұртаза ағамыздың шеге- дей қадалып айтылатын жауап-түсiнiктерi мен таусылып бiтпейтiн ұзақ күлдiргi əнгiмелерi, Қалдарбек Найманбайдың көп жол, жөн көрген, аңғарымпаз сұңғылалығы, Қуаныш Сұлтанұлының ерекше алғырлығы мен биiк мəдениетi, Қоғабай Сəрсекеевтiң кез келген сəтте тауып айта- тын əзiлкештiгi Исағалым Ақбасовтың əдептiлiгi мен кiшiпейiлдiлiгi, Роза Бердiғалиеваның қазақ əйелдерiне тəн əдептiлiгi т. б. достарымыз- дың бұл сапар барысында куə болған көп жақсы мiнез-болмыстары бiр- бiрiмiздi iштей онан сайын жақындата түстi ғой деп ойлаймын.
– Шетел баспасөзi əсiресе мұсылманнан басқа дiн құзырындағы əлем елдерi басылымдары «ислам фундаментализмi» дейтiн сөздi үрейлене көп ауызға алып жатады. Осы орайда Ирандағы ислам- шылдық Сiзге қалай əсер еттi?
– Жасыратыны жоқ, Иран Республикасы ислам дiнiн мемлекеттiк басқару жүйесiне дейiн шарықтата көтерген ел. Аятолла Хоменей, Пре- зидент Рафсанджани, министр доктор Хатами, өзге де ең көрнектi мемле- кет басшыларының дiни бiлiм-деңгейлерi аса жоғары болып, үнемi дерлiк бастарына сəлде оранып жүрулерi көп жайдан хабар ұқтырса керек.
Иран жерiне аяқ бастыңыз екен, осы елдегi тəртiптi, салт-дəстүрдi қатаң құрметтеп-ұстауға мiндеттiсiз. Мəселен, аса қадiрлi меймандар- ға арнап салынған Теhрандағы бес жұлдызды «Лəлə», Машhаттағы
«Хомме» мейманханаларының демалыс бөлмелерi намаз оқуға қатаң лайықталып бой көтерген, əр бөлмеде Қасиеттi Құран, жерде жаюлы жайнамаз. Мейманхананың төменгi қабатында еркек, əйелдер бөлiнiп намаз оқитын үлкен арнаулы залдар жəне бар. Аятолла Хомейни мен аятолла Хоменейдiң үлкейтiлген бейнелерi мемлекеттiк мекемелердiң əр тұстарында iлулi. Тəртiп сақшыларының өзi бой тазалығыңызды,
жүрiс-тұрысыңызды қатаң бақылап тұрады екен. Роза қарындасымыз- ға алғашқы күннен қара түстi шадыра кигiзгендерi былай тұрсын, бiрде шашының ұшы ептеп көрiнiп қалып едi, заматында ескерту жасалды.
Ирандағы исламшылдықтың қыр-сырлары молынан зерттелiп, арнайы ұзақ əңгiмелеудi қажетсiнедi. Алайда, бiр байқағаным, исламның қасиет- тi орындарына өзге дiндi ұстанғандар қатаң түрде жiберiлмейтiндiктен, исламның имандылық шарапаттары əркез реакциялық құбылыс деп қа- былданып түсiнiлетiн сияқты. Естен кетпес тағлымды жайт сол, Иранда парсылар түркi халықтарына, өзге ұлт өкiлдерiне қарағанда азшылық- та болса да, аятолла Хоменейдiң шыққан тегi əзiрбайжан екендiгiне де қарамастан, парсы тiлi мемлекеттiк деңгейде аса биiк дəрежеге көтерiлiп, барлық дерлiк iс саласын емiн-еркiн қамтыған. Қай елде, қай жерде, қай ұлт өнiп-өскен топырақта тұрсын, ол сан жағынан аз ба, көп пе, бұл басты шарт емес, сол ұлт тiлiнде сөйлеп, өмiр сүруге, күн көруге тиiссiң. Мiне, Қазақстанда Колбин жəне колбиншiлдер əлi күнге сандырақ- тап жүргендей емес, Иранда нағыз жанашыр тiлдiк саясат осылайша салтанат құрады екен.
– Өздерiңiз барған Иран сапары жөнiнде «Егемендi Қазақстан» газетi бетiнде Шерхан Мұртазаның шымыр ой, ширыққан тiлмен жазылған «Феруза Иран» атты жалғасты жолсапар жазбаларынан оқып, көптеген жайларға қаныққан едiк. Бiр-екi ауыз сөзбен түйiндеп айтар болсаңыз, Иранның өткенi мен бүгiнiнен нендей көрiнiстер көкейде ұмытылмастай жатталып қалды?
– Иранда сұрғылттық, сұр түстiлiк басым жатады екен. Топырақ та сұр, денi бес-алты қабаттан келетiн ғимараттар да сұр. Ал ағылшындар мен американдықтар тұрғызған жиырма-отыз қабаттық алыптар əр тұстан,
«Еуропалық мен де бармын» дегендей, ебедейсiзденiп көзге шалынады. Алматы, Мəскеумен салыстырғанда Иран шаhарларында автомобиль тасқыны деген де барынша иiн тiрескен көрiнiсте. Бағдаршам, реттеушi дейтiндер бұл елде жоқтың қасы. Сол себептен бе, дүние жүзiнен жиылған машина маркiлерi ескiрген, қағылған-соғылған, əйтеуiр ақау түспеген көлiктер iлуде бiреу-ақ кездеседi. Түркияда болғандарға жақсы мəлiм, онда көлiктердi жарқыратып-жалтылдатып, шамасы келсе жарау аттай, жұтындырып ұстау əбден əдетке сiңген.
Шығыстық бояуы мейлiнше қанық Иран жерiне жол түсiп, əлем халықтарының орта ғасырдан бергi небiр ұлылары бас иген Фирдоуси, Омар Һайям, Сағди, Хафиздiң қабiрiне барып, зиярат етпесеңiз – өкiнiшi кетпес күнə болады. Ал Хорасан аймағының орталығы Машhаттағы Имам Рза жəмиi мен Теhраннан отыз шақырым жердегi аятолла Хомейни кесенесiне бармай, тəу етпей қайтсаңыз, Иранды мүлдем көрмей, көрсоқыр күйде ауылға оралғаныңыз.
Иранды дiни мемлекеттiң құдiретiне көтерiп, айдай əлемге мойын- датқан, исi мұсылмандардың ХХ ғасырдағы аса iрi қайраткер-күрес-
керi атанған аятолла Хомейни 92 жасқа келiп, жарық жалғанмен қош айтысқаны белгiлi. Хомейнидi мəңгiлiк сапарға аттандырып салған, қара жамылған Иран жұрты ешкiм ұйымдастырып-мiндеттеместен əулие- ғұлама басына таңғажайып алып кесене тұрғызу құрылысын бастап ке- тiптi. Төрт мұнаралы бiрегей ансамбль жалпы аумағы 50 гектар жердi алып жатыр. Алыстан асқақтап көзге шалынатын тап ортадағы зəулiм күмбездiң биiктiгi 92 метрдi құрап, ұлы Хомейнидiң жер бетiнде өмiр сүрген жас мөлшерiн анықтап тұратын көрiнедi.
Кесене құрылысы толық аяқталып бiтпесе де, негiзгi намаз оқитын залдарға арнайы тоқылған парсы кiлемдерi төселiп тасталған. Мұнда ел қабiр басына мiнəжат етуге келдiм деп (мавзолейге, Ленин басына барғанмен салыстыралықшы) томсыраймайды. Керiсiнше əуенi күштi, қырағаты əсерлi айтулы дiн өкiлдерi дыбыс күшейткiш жүйесiн қосып қойып, ауық-ауық Құран аяттарын мақамдап оқиды. Сəлделерi қауқиған молдалар 5–6 жас шамасындағы жүздеген шəкiрттерiн айналасына дөңгелетiп отырғызып алып, намаз оқудың əсерлi дəрiстерiн өткiзедi. Баланың аты бала емес пе, кейде ойнап, жүгiрiсiп те алады. Оларға əйт, шəйт деп ашуын төккен ешкiм болған жоқ. Аса ауқатты байлар да, жақыбайлар да ұлы адам басына келiп, сиынып, садақасын берiп, құрылысты аяқтауға үлес қаржысын қосып, рухани тазарып, жан-сарайын жаңартып кетуге хұқылы. Мiнеки, асына жер жүзiнен үш миллиондай мұсылман қауым өкiлдерi бас құрап жиылған аятолла Хомейнидiң мəңгiлiкпен ұштасып жатқан рақым-шарапаты осындай.
Айтып өттiк, Ирандағы он ғасырдан бергi аса қасиеттi орын, Ирандағы екiншi Мекке саналатын, бүкiл мұсылман шығысындағы асқан беделдi əулие-ғұлама Имам Рза жəмиi-мешiтi деп, Анкара мен Стамбул, Орта Азиядағы жəми кереметтерiн бұрын да тамашалағаным бар-ды. Самарқандағы Регистан сəулеттiк кешенiнен көлемi бес-алты есе еркiн асып түсетiн Имам Рза жəмиi теңдесi жоқ өнер туындысы екен. Иранның ғасырлар бойғы балбармақ шеберлерi əр залды бiр-бiрiне ұқсастырмай, жасыл, көк, сары... түспен əсем безендiре отырып, зергерлер алтын, күмiс т. б. бағалы тастармен таңғажайып зерлер ойып салған мешiт əлемдегi жетi кереметтiң бiрi десе де болады. Жаңа туған баладан бастап, еңкейген кəрi, өздiгiнен жүре алмайтын ауру-салға дейiн есiгiнiң тұтқасын сүйiп, барып кiрiп жатқан жəми ғимараты, кейбiреулерi ұзақты күнге тапжыл- май құлшылық етiп отырса, ендi бiреулерi аяқ киiмдерiн шешiп кiлем үстiнде тəртiп пен тазалықты қатаң сақтап жүрген он мыңдаған халық зиярат етудегi қасиеттi орын, болмаса Имам Рза мешiтiнiң асханасында бiр рет тегiн берiлетiн құдайы тамақ, осы секiлдi көрген мен көкейге түйгеннiң бəрiн тауысып айтып жеткiзу əсте мүмкiн емес. Сондықтан
«Заман – Қазақстан» оқырмандарына Имам Рза жəмиi iшiндегi Құран мұражайы мен Кiлем мұражайындағы жадыма тоқыған кейбiр жайларды қысқаша əңгiмелеп берейiн.
Имам Рза жəмиiндегi Құран мұражайы, барша мұсылман елдерi бойынша алып қарағанда, қоры аса бай музей қатарынан саналады. Қызылды-жасылды кiлемдермен көмкерiлген көрме залдарына кiреберiс- те қаба сақалды қағылез сақшы еппен түсiндiрiп, фото, киноаппараттың барлығын сыпырып алып қалады. Қадымдағы пайғамбарлар мен Əзiрет Əлiнiң өгiз терiсiне жазылған қолжазбасы, Əзiрет Əлiнiң ұрпақтары Хасан мен Хұсейiннiң өз қолдарымен көшiрген Құран аяттары, бұдан мың жыл бұрынғы парсы тiлiне тəржiмаланған Құрандар, ежелгi түрiк, моңғол қарiптерiнде басылған Құрандар, Ақсақ Темiр қолына ұстаған Құранның үш парағы, алтын, күмiспен жарқырата зерленген арғы-бергi замандағы Құрандар, тiптi көлемi мен салмағы атан түйеге жүк болатындай үлкен Құрандар – осы ғажайып басылымдардың бəрi де көрген адамды сөзсiз таң-тамаша əсерге бөлеп, қасиеттеу мен қастерлеудiң шыңына ұмтылған хас шеберлiк, ұлы iңкəрлiктiң сатыларын аңғартады.
Бұдан бiрер жыл бұрын Кремльдегi орыс патшалары ғасырлар бойы жинаған Библиялар мұражайын аралап-танысуға мүмкiндiк алған едiм. Шынымды айтайын, Ирандағы Құран мұражайы Мəскеу кереметте- рiн сəн-салтанаты мен саны, баспагерлiк мəдениетi жағынан он орап алғандай.
Имам Рза жəмиiндегi Кiлемдер музейi де жан дүниеңдi бiр жайна- тып тастайды. Ерекше таң қаларлығы сол – аталмыш мұражайда даңқы жер жүзiне жайылған парсы кiлемдерiнiң аса үздiк, тарихи теңдесi жоқ үлгiлерi бас құрапты. Мысал үшiн, күнi кеше ғана тоқылып шыққандай көз жауын алатын, мұнан сегiз ғасыр бұрынғы кiлемдер, бетiне түрлi өрнектер, Құран да баяндалған оқиғалардан көрiнiстер, пайғамбарлар өмiрiнен үзiк бейнелеулер, ғазауат соғысы панорамасы, асқан сұлу жазу үлгiсiмен Құран аяттары түсiрiлген кiлемдер, ақыр аяғы бұдан бiр ғасыр бұрынғы парсының ғаламаттай кiлемдерi – осының барлығын атағы жер жарған Еуропа музейлерi емес, Имам Рза жəмиiндегi Кiлемдер мұражайы қорынан ғана көрiп тамашалауға мүмкiндiк бар. Қысқасы, жарты шақырымдай ұзындыққа созылып жатқан бұл этнографиялық мұражай ұлттық өнер туындыларын қалай қастерлеп-сақтаудың мəдени сабақтарын тағы да көкейiмiзге құйып бердi.
– Бiздер, қазақтар, Иран елiн табандап отырып зерттеп, танып- бiлiп алармыз. Ал ирандықтар Тұран даласын, оның iшiнде Қазақстан- ды қалай ажыратып-аңдап, өткенi мен бүгiнiнен қапысыз тереңдеп хабардар болмақшы?
– Қазақстанда Иран Ислам Республикасының елшiлiгi ашылып, Иранда өткен V Дүниежүзiлiк кiтап көрмесiне Қазақстан делегациясы қадiрмендi қонақ қатарында қатысуы Иран халқының Қазақстанды жақын бiле түсуiнiң бастау қайнарлары болды деп ойлаймын. Иранның Бендер – Түрiкмен, Гургун, Құмбет қалаларында тұратын, Ауғаннан
ауып Ирандағы қандастарын сағалап барған, барлығы он мыңға жуық қазақтар (оларды толғандырып отырған ауқымды мəселелер арнайы сөз етудi қажетсiнетiндiктен, келесi бiр əңгiменiң үлесiне қалдыруға мəжбүрмiн) – бұлар да парсы елiнiң бiздi тани түсуiнiң басты кепiлi болмақ. Айтпақшы, кiтап көрмесi барысында аятолла Хоменей Қазақстан баспагерлерi шығарған өнiмдермен, оның iшiнде Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Абай... кiтаптарымен мұқият таныса келе, «Осы «Тынық Донды» жазған кiсi қазақ па?» – деп те қалған. Бiздер көрме жабылардан бiр апта уақыт бұрын елге қайтып, Иранда екi ресми өкiлiмiз қалған едi. Соның бiрi, республикалық ұлттық Бас кiтапханамыздың директоры Роза Бердiғалиеваның кейiннен айтуынша, аятолла Хоменей көрме жабылған соң мұсылман елдерi өкiлдерiне арнаулы қабылдау жасап, толғаныс-тебiренiспен сөз сөйлеп, «Əуелi мəдениет пен өнер сала- лары арқылы етене араласпасақ, бiр-бiрiмiз туралы бiлетiнiмiз өте- мөте шамалы екен. Казак Шолоховты қазақ халқының өкiлi деп шатас- тыра айтуымның өзi сол хабардың аздығы, тарихи өзара бiлiмдiктiң жетiмсiздiгi салдарынан ғой» – деп өз сауалының селкеулi болғанын айтыпты.
Асылы, осы сапар арқылы бүкпе-кедергiсiз, бүркеме саясатсыз жақын араластық-құраластықта болуымыздың келешегiне берiк өткел салынды деп айтуға толық негiз бар.
«Заман Қазақстан» газеті, 5 маусым 1992 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter