Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
02.03.2022
574
Мықты дəлел
Қасқыр, түлкі, қоян үшеуі бір қозыны ұстап алыпты. Олжаны кім алуға тиіс?
Ішіміздегі жасымыз үлкеніміз алсын десіпті. Бірінші боп қоян сөйлепті.
- Мен жаппар иемнің өзі жер мен көкті жаратпастан бұрын туғанмын.
- Əбден дұрыс, – депті түлкі, – мен растаймын, сен туғанда шілдеханаңа барып едім.
- Екеуіңдікі де дұрыс, – депті қасқыр, – бірақ менің мына тұлғам, тырнақтарым, мына азуымның өзі-ақ кімнің жасы үлкен екенін ай- тып тұрған жоқ па?
- Əлбетте, айтқаныңыз орынды, – депті түлкі мен қоян, жарыса сөйлеп қозыны жəукемдеп жатқан қасқырға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter