02.03.2022
  254


Автор: Баламер Сахариев

ƏБІЛ ФАРАДЖ - Сирия əдебиетінің классигі

«Əділдікпен»


Қасқыр, түлкі, арыстан үшеуі бірлесіп аң аулауға келісіпті. Істері оңға басып, олар ешкі, бұғы, бір қоян ұстап алыпты.



  • Олжаны бөл, – депті арыстан қасқырға, – тек əділ бөл.

  • Жақсы, – депті қасқыр, – ешкіні, меніңше, саған, қоянды түлкіге беріп, өзім бұғыны алайын.


Мұны естіген арыстанды ашу қысып, қасқырдың парша-парша- сын шығарыпты.


– Енді сен бөл, – депті ол түлкіге, – тек əділ бөл.


– Құп, – депті түлкі, – ешкі – сенің таңертеңгілік сыбағаң, қоян



  • сəскелігің, бұғы – кешкілік тамағың болсын.

    • Міне, дұрыстық деп осыны айт, – дейті арыстан. – Мұндай əділ бөлуді саған кім үйретті?

    • Мына қасыңда мылжа-мылжасы шығып жатқан қасқыр үйретті тақсыр, – депті түлкі.




 


Мықты дəлел


Қасқыр, түлкі, қоян үшеуі бір қозыны ұстап алыпты. Олжаны кім алуға тиіс?


Ішіміздегі жасымыз үлкеніміз алсын десіпті. Бірінші боп қоян сөйлепті.



  • Мен жаппар иемнің өзі жер мен көкті жаратпастан бұрын туғанмын.

  • Əбден дұрыс, – депті түлкі, – мен растаймын, сен туғанда шілдеханаңа барып едім.

  • Екеуіңдікі де дұрыс, – депті қасқыр, – бірақ менің мына тұлғам, тырнақтарым, мына азуымның өзі-ақ кімнің жасы үлкен екенін ай- тып тұрған жоқ па?

  • Əлбетте, айтқаныңыз орынды, – депті түлкі мен қоян, жарыса сөйлеп қозыны жəукемдеп жатқан қасқырға.


Маймыл мен ит


Бір ит мешітке кіріпті де, сарып кетіпті. Мұны сол маңайда жүрген маймыл көріп қалыпты да:



  • Құдайдан қорықсайшы! Мешітті ластадың ғой, – депті. Соңда маймылға ит:


 



  • Өзіңді осыншама сұлу ғып жаратқаны үшін Құдайға ара түсіп, үйін қорғап тұрсың ба? – депті.


 


Өжетсінген ешкі


Ешкі биік шатырға шығып алыпты да, төмен тұрған қасқырдың жер-жебіріне жетіпті. Қасқыр оның балағат сөздерін тыңдап алып:



  • Е, ешкім, бұл өжет сөзді айтып тұрған өзің емес, сен тұрған анау орын ғой, – депті.


 


Ит пен киік


Тазы ит бір киікті қуа жөнеліпті.


– Куғаныңмен менің қарамды да көре алмайсың, – депті киік.


– Неге? – деп сұрапты тазы.



  • Мен жүгірсем, өмірімді ойлап бассауғалап жүгіремін, сен болсаң қожаңа жағынайын деп жүгіресің, – депті киік.


 


Түлкі мен ит


Түлкіні ит ұстап алыпты.



  • Қолға түсіп қалғаным сенің мықтылығыңнан емес, өзімнің осалдығымнан болды, – депті түлкі. Нанбасаң, кəне қасқырды ұстап көрші.


 


Аңшы мен шымшық


Бір шымшықты аңшы ұстап алыпты.



  • Мені қайтпексің? – деп сұрапты құс.

  • Сойып, етіңді жемекпін, – деп тіл қатыпты аңшы. Шымшық жалыныпты:

  • О, мейірімді адамзат, жанымды қия көр! Мені жеп бəрібір жарылқанбассың. Босатамын деп уəде бер, мен саған жақсы үш ақыл айтайын. Менің етімнен гөрі олардың беретін пайдасы анағұрлым артық. Алғашқы ақылды өзіңнің қолыңда тұрғанда айтамын. Екін- ші ақылды сонау ағаштың басында отырып айтамын, ал үшіншісін



  • ана жартасқа ұшып жеткен соң ғана айтамын.

    • Ал, тыңдайық, – депті аңшы.

    • Келмеске кеткен дүниеге өкінуші болмағайсың.




Бұл ақыл аңшыға ұнап кетіпті де, шымшықты қоя беріпті.



  • Өмірде болмайтын қисынсыз іске ешқашан сенбегейсің, – деп- ті шымшық ағашқа қонып алған соң. Сонан соң қанатын бір сілкіп алып, сөзін сабақтай түсіп:


 



  • Ақымақ адам! Егер мені сойсаң, ішімнен баға жетпес екі асыл меруерт тас алар едің ғой.


Өкініштен іші күйген аңшы саусақтарын сыртылдатып:



  • Мүлде зым-зыя ұшып кетпей тұрғаныңда үшінші ақылыңды айтшы! – депті.

  • Алдыңғы екеуін ұмытып та үлгердің, қалғанын айтып не өнер дейсің. «Келмеске кеткен дүниеге ешқашан өкінуші болмағайсың,


«өмірде болмайтын қисынсыз іске ешқашан сенбегейсің», – демедім бе, əлгінде мен саған? Ал сен мені қолыңнан шығарып алғаныңа өкініп, ішімде меруерт тастар бар дегенге сеніп қалдың. Теңіздің түбінде ғана болатын асыл тас құстың ішінде жатқанын қайдан көріп ең?


«Қазақ əдебиеті», 16.05.1958 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу