01.03.2022
  226


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

АДАМДы ҚОЛДАН ҰРыҚТАНДыРу ҚуАНыШ ПА, әЛДЕ ҚАСіРЕТ ПЕ?

Уақыт шіркін зымыpan барады. Алдағы аламан ғасыр адамзат баласын талай алмағайып күйге саларын сезіп, күпті жүрек одан сайын шошына түседі. Сансыз сұмдықтар дүниеге келіп жатыр. Басқасы ештеңе емес, жаратқан иеміздің ісіне де қол сұғыла бастады. Осы кезге дейін пенде атаулы Алла ұйғарған жынысынан ауытқымай өмір кешіп келіп еді. Бар пәле осы ғасырдың сексенінші жылдарынан басталды. Осы жылы Үндістанда бір әйел күрделі операцияның арқасында өз жыныс мүшесін ауыстырып, еркекке айналды. Ол қазір өмір сүріп жатыр ма, бала сүйді ме, оны анық білмеймін, бірақ ұлы жаратылыстың біз араласпайтын мінсіз жүйесіне қараулық жасалып, сұмдық әрекеттердің балалауы дәл осы


 


кезеңнен бастау алды. Соңғы жылдары Қазақстанның өзінде де басқа адамның ұрығын әйел жатырына ендіріп, қолдан бала жасау ісі кең етек алуда. Мүмкін отбасының шырқын бұзбаудың, оны аман сақтаудың бұл да бір шарасыз жолы шығар. Бірақ ойланып қараған адамға оның қуанышымен қатар қасіреті де шаш-етектен екені белгілі. Мысалы, осын- дай жолмен бір әйел ұл тапты делік. Дәл осындай жолмен екінші әйел қыз табады. Ал, енді осы екеуі болашақта үйленсе не болады? Мүмкін әкесі өз қызын алатын шығар? Қолдан ұрықтандыру бір қалада, бір орталықта жүргізілгеннен кейін осындай әрекеттердің пайда болуы әбден мүмкін ғой.


Ұлылығына шек жоқ Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі әуелі өз қандастарының мыңдаған пұттарын талқандап, бір Аллаға сыйынуға, әкесі қызына, баласы шешесіне үйленген тәртіпсіз, тұқымды құртатын некені жойып, бүкіл адамзат ба- ласына үлгі берген жоқ па? Бұл – ұлтты, халықты сақтаудың ең сара жолы. Әйтпесе, Г.Маркестің «Жүз жылдық жал- ғыздық» кітабындағы оқиғадай, қандас адамдардың жақын- дасуынан құйрығы бар немесе одан да сорақы балалар дүние- ге келіп, ұрпақ азғындап, тұқымы тұздай құриды. Дүниеде адамнан да зият хайуандар бар. Мысалы, текті айғыр өзінен туған байталдарды үйірінен қуып шығады. Оған жоламайды. Сөйтіп ұрпағын күшті қалпында таза сақтайды. Бұл да жану- арлар тіршілігінің жазылмаған зандарының бірі.


Иә, біз соңғы жылдары өзіміздің моральдық бет-бейнеміз- ді қадағалауды жоғалтып алдық. Ұрпақ тағдырына салғырт қараған елдің ұшпаққа шыққанын естігеніміз жоқ. Біздің жыл санауымызға дейінгі II ғасырда, ежелгі Грекияда мынадай жақсы дәстүр салтанат құрған екен. Сәбилер үш-төрт жасқа келгенде шешелері қолдарынан жетектеп, ақсақалдардың ал- дынан өткізетін болған. Туа біткен соқыр, бүкір, кембағал ба- лалар сол жерде өлтіріліп отырған. Елдің қағидасынан асып қайда барсын, аналары да қарсы болмаған. Қаншама қаты- гездік десек те, осындай сұрыптаудан кейін Грекияда сол за- манда дүниежүзінің тандайын қақтырған өңшең өндірдей, су- реттей сұлу қыздар мен жігіттер өсіп шықты. Олар тек сым- батымен ғана әйгілі болған жоқ, даналықтарымен де айды аспанға шығарды, өз мемлекетін әлемге әйгілі етті.


 


Міне, ұрпақ тағдырына биік талғаммен қараған елдің ме- рейі де үстем боларын осы деректерден айқын аңғаруға бо- лады. Әр халықтың өзінің Алла жаратқан автопортреті – тілі, кескіні, қаракеті болады. Ал, бір еркектің ұрығымен ұлты сан түрлі бірнеше әйелдерді ұрықтандыру осының бәріне топырақ шашу емес пе? Бұл көзсіз әрекет ертең бүкіл бір үлттың касіретіне айналмасына кім кепіл?


Және бір келеңсіз жағдай жыл өткен сайын ер адамдар- дың белсіздігі, әйел адамдардың бала көтеруге қабілетсіздігі қаулап барады. Мұның сырына үңіліп көрген кім бар? Бұл тек тұрмыстың ауыртпалығынан емес, ертеңге деген үмітсіздік, тәулік бойы тізесін кеміргендей жеміріліп ой ойлау, көз тоқ- татары жоқ сұрқай тірлік... осының бәрі адам белінен тама- тын асыл нәрге де салқынын тигізбей қоймайды.


Қалай болғанда да ешкім тауып бере алмайтын асылымыз



  • ұрпағымызды аздырып алмайық! Бұл кезек күттірмейтін, мемлекеттік деңгейде щешілетін өте күрделі мәселе. Ендігі жерде әйелдерді көрінгеннің шаһуатымен қолдан ұрықтанды- рып, ұрпақты асылдандырмай-ақ қояйық, мұндай шаталардан халық бәрібір көбейіп жарытпайды.


«Жетісу», 25.06.1999 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу