01.03.2022
  304


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЖЕЗөкШЕЛік ЖҰЛыНҚҰРТы ЖАйЛАП бАРАДы

«Ауру астан, дау қарындастан» демей ме атам қазақ. «Құ- нажын көзін сүзбесе, бұқа бұйдасын үзбейді». Сұңғыла ба- баларымыз, салуалы аналарымыз елдің, халықтың, әулет- тің ұятын ойлап, жалпы әйел баласын тыйып ұстаған. Бали- ғатқа толған қыздарын қанша үздігіп, іші уылжып жақсы көріп тұрса да орынсыз шолжаңдатпай, салиқалылыққа, та- залыққа тәрбиелеген. Некесі қиылып, құтты орнына қон- ғаннан кейін де, «ит пен қыздың жүрмейтін жері жоқ», кім біледі, қызымыздан «ши» шығып қала ма деп әке-шеше, аға- жеңге байғұс, бүкіл ауыл аймақ істіктің үстінде отырғандай хал кешкен. Біздің де бойымызда тұқымын таза ұстайтын арда тұлпардың қасиетіндей бір тектілік жататын. Үйін тө- ңіректеген сәуріктерден қыздарын қызғанбайтын, тіпті қо- нағына өзінің ақ некелі әйелін беретін тексіз халықтар бар


 


екенін еститінбіз. Біздің халық мұндайды хас масқаралыққа жорып, маңына жуытпайтын. Осыдан аттай он жыл бұрын дүние жүзіне он миллион данамен тарап, әдеби ортада әр- түрлі пікірлер тудырған Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» кітабындағы «Тынымсыз зіркілден арқасы қажала-қажала қанталап кеткен, күніне жетпіс ер- кек қабылдайтын» жап-жас мулат қызының әрекетін оқып жағамызды ұстағанбыз. Оны осындай азғындық жолға сүй- реген адам бейнесіндегі айуан, залым кемпір болатын. Қар- шадай қыздың тағдырын талқандап, содан нәпақа тауып жүрген әлгі жалмауыз кемпірге нәлет айтқанбыз. Бірақ, бұл алыстағы, мұхиттардың аржағындағы есірткілер отаны – Ко- лумбияда болған ғой деп жайбарақат жүргенімізде екі тілсіз жау да он жыл айналмай жатып дәл төсегіміздің астынан шықты-ау!


Базарларда, түрлі дүңгіршектерде жәлептік, ойнасқор, зи- нақорлар туралы сөлекет бейнетаспаларды ашық сата баста- ды. Автобустар мен етікшінің күркесіне дейін жапсырылған жалаңаш әйел суреттерінен көз сүрінеді. Оқушылар ұстап жүрген бейәдіп карталар, сорақы бейнелер қаншама!


Жұлған сайын құтыра қаулап есіріп кететін жаны сірі, өлермен арам шөптердей бұл сұрапыл ұятсыздыққа тыйым салмай, үндемей тағы бір-екі жыл шыдасақ не болар екен? Құдай біледі, онда көшеде, көпшіліктің көз алдында айуан- дық әрекеттер көрініс бере бастайтынына бәс тігем («Сай- ран» жағажайындағы көз байланбай жатып басталатын жас- өспірімдердің қылықтары соның айқын дәлелі.) Осы бір же- зөкшелік деген қараң қалғыр, құзғын тақырыпқа қазақ ба- сылымдары дүркін-дүркін қалам тербеп келеді. «Астана қаласының ашылу салтанатына Алматыдан бір қора жезөкше шетелдік және жергілікті қонақтарға «қызмет көрсетуге» күні бұрын аттаныпты», – деп жазды бір қазақ газеті. Асылы осы жолдарда шындық бар шығар. «Ауруын жасырған арам өледі».


Белгілі киноактер, халық әртісі Н.Ықтымбаевтың жазған мына жанайқайына назар аударыңыз: «Қазақстан телеарнала- рынан көрсетіліп жатқан порнофильмдер шетелдерде гомо-


 


сексуалистер мен лесбианкаларға арналып түсірілген кино- лар. Өйткені олар табиғи, ер мен әйел арасындағы қалыпты қатынасты жасай алмайтын аурулар. Кинодан көріп, көзбен ләззат алатындар. Ал, оны әкеліп дені сау, кіндік жалғастырар салты бар аяқ-қолы балғадай Қазақстанға көрсетеді. Meн осы тағылықтармен 1992 жылдан бері алысып келемін, сол жылы


«Қазақстан» киностудиясына Н.Назарбаев, М.Жолдасбеков және сол кездегі премьер-министр С.Терещенқо келді. Сол кезде-ақ Терещенкоға айттым: «Осы бәле дендеп кетпей тұр- ғанда көзін жойып, жол бермелік», – дедім, Терешенконың жауабының түрі мынау болды: «Әбден көріп, қанып болған соң, өздері-ақ қояды». «Ау, бұлар көріп, көзі қанса, өсіп ке- ле жатқан ұрпақ, жастар бар емес пе, оларды қайтеміз, бір шара қолданып, алдын алайық та», – дедім. Бәлкім, бүгінде оның есінде жоқ та шығар. Сонда Н.Назарбаев: «Оны қа- раймыз, жөндейміз», – деген. Бірақ әлі күнге тыйым салған жан көрмедім. Бүкіл халық болып бұл диверсияның алдын алмасақ болмайды. Мемлекет әлгі телеарналарға осындай кино көрсетуге лицензия беріп отырған тиісті орындарды және шеттен анайы фильмдер өткізуге мүмкіндік жасайтын кеденшілерді қатаң жазаласын»...


Міне, мұхит асып келген көртышқан мен колорадо қоңызы сияқты жезөкшелік пен есірткі тажалдары біздің елге қалай қоныстанғандығының айқын кескіндемесі. Өзі шарап ішпесе де шалқып жүретін ақкөңіл, елтігіш, еліктегіш елге әлгіндей нәрселерді көрсетіп, онан әрі құтыртып, қоздырып жіберу, әсіресе жас қауымды алдына қойған нұрлы мақсатынан ада- стыруды көздеген жасырын топтардың жанкешті әрекеті де- меске шараң жоқ.


Жас ұрпақтың аузының суын құртқан Арнольд Шварце- неггерден «Өз балаңызға осы сіз түскен фильмдерді көрсе- тесіз бе?», – дегенде, «Жоқ, мен балалар тақырыбына арнал- ған фильмдерге де түскенмін, соған апарамын. Ал, анау бо- евиктер, секстерді құдай сақтасын, балам көрсе не боп ке- теді?!», – деп қауіп айтыпты. Міне, атышулы әртіс болсын, қатардағы арбакеш болсын өз кіндігінен тараған ұрпағын осылай қорғаштаса болмай ма! Осы мәселенің және бір түп


 


төркіні өзіміздің имансыз, сақалды антұрғандарда жатқан сияқты. Әсіресе, шығыс елдерінде осы бір табиғи тілек, жұ- байлар өмірі некемен өріліп, құпия, жасырын болатынын ұмытып, бүгінгі біздің ақылдың кені – қартаң зиялыларымыз ашық кете бастаған секілді. Баласының баласындай бір ажар- лы, өңді қыз көрсе болды, сақалдарынан сілекейі сорғалап, көздері күлімдеп, қансоқта иісін сезген кәрі төбеттей, жа- ман көкіректерін текіректетіп бағады. Арам пиғыл, залым ой қанша жасырғанымен түбінде бір сыр береді. Әкенің «әң- гілік» жүрісін, шешенің ұят істерін көрген бала қатты шо- шынады, тіпті жауыздыққа бет алуы мүмкін ғой. Құмарлық, битаптық, әп-сәтте естанды ғып жоғалатын есірткі уытын- дай қас-қағымда тынады... Содан кейін не болды? Бәлен мың долларға сатып ала алмайтын ар-намыс тапталды ғой, қарағым-ау! Осылай шым-шымдап басталған ұятсыздық бір күндері сені әбден терең ұйығына тартып, талғамсыз жы- ныстық қатынастың жылымынан бір-ақ шығарады. Әбден беті ашылып, мекерлікке, салдақылыққа бет алғаннан кейін оған бәрібір болмақ. Шал-шауқан болсын, мейлі обыр, ты- раш, қарақшы, бұралқы болса да бәрібір, үсті-басы бұзау қо- тыр, алапес, тамағынан ірің сорғалаған азғын болса да ештеңе етпейді, тек ақшасы болса болды. Өзінің алғашқы адам кейпі жойылып, жылдың төрт мезгілінде бірдей ылығатын, күндіз де түнде де ылығатын құнсыз, түпсіз қаншыққа айналғанын білмей қалады. Міне, батыс әлемінің аңсайтыны – біздің осындай кейпіміз. Күйе жұқса өліп қалатын еліктің лағындай тап-таза, періште көңіл жеңгелеріміз, қарындас, қыздарымыз әлі де көп қой. Бұл сорақылықтың кесірі соларға да тиеді-ау, деп уайымдаған көпшіліктен ұйқы қашқалы қашан! Ішіп-жеп қарайтын, тіміскелеп бағатын шетелдік құзғындар, өзіміздің сақалды азғындар тірі тұрғанда қауіп бұлты сейілмек емес. Құдай тағаланың адам баласына берген баға жетпес сыйы – ұятын жалаңаштап, арды жаныштайтын небір ауыр сөздерді ауызға алып, осы мақаланы жазу бізге де оңай болған жоқ. Жазбайын десең жұлын құрт – жезөкшелік жайпап барады. Осы сорақылықты көрмей әке-шешеміз ерте көз жұмғаны да дұрыс болған екен деймін кейде түңілгендіктен.


 


Өмір бір орнында тұрмайды. Өрмекшінің тамыз айындағы торындай жеп-жеңіл болып, естіртпей келіп шашқа ақ түседі. Адам қартайып, етегін жинақтап, мәңгілікке бетін бұра бас- тайды. Ардың ақ сейсебіне дақ түсірмей, ешкімге «әй кәпір» атанбай, бала-шағаның бетіне ұялмай тура қарап, сұлу қартаю да бір ғанибет қой. Талай айыр көмей, таңдайынан жарылған жыраулар, ғұлама данышпандар өкініп, бармақ тістеген сол бір бейдауа кезеңге біз де келеміз. Сол кезде бүйіріңді жылы- татын жарың жоқ, не сағынышыңның солығын басып, сүйе- тін бала, немерең тағы жоқ, жұрт бетіне түкіріп арыңа баттас- тыра жағылған былғанышпен іштей арпалысып күн өткізу



  • бүгінгі ұятсыз жас қыздардың, жезөкшелердің ертең қар- тайғандағы тірлігі айна-қатесіз осындай болмақ. Бізді қойшы, айтамыз да қоямыз. Ар жағында Ұлы мәртебелі Жаратқан ием, көзіңнің қанды жасы ағып тұрып жауап беретін жерің

  • мақшар, өртенген шошқадай арамнан жиған майың аты- лып, шыңғырар жерің – сират көпір тұр ғой... Соны неге ойламайсың жазған-ау...


«Жетісу», 19.ІХ.1998 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу