01.03.2022
  207


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

АДАМЖЕгіШТЕРДі АҚТАуғА бОЛА МА?

Өмір жолдары да қарасора танабы сияқты-ау! Біреулер туғанынан өлгеніне дейін ардың ақзон көйлегіне кір шал- дырмай кетеді. Енді біреулер тұлабойына удың неше ата- сын сіңіріп, аз уақытта нағыз құзғын, айуанға айналып жүре береді.


«Ұзынағаштық адамжегіш» Н.Жұмағалиев туралы не ай- туға болады? Әбден өлесі боп ашыққан арыстан торды бұзып шығып, адамды жеп қойса кешіруге болар, Ал, айналасын- да тіреліп тұрған құдайтағаланың талқаны мен нанын місе


 


тұтпай, біреудің қанын судай шашып, адам етін жегенді кім көрген?


Осы қасап араға уақыт сала отырып, жеті әйелді бірінен соң бірін өлтіріп, олардың етін малша бөлшектеп, тұздап, жәшікке қақтап тастаған. Бөтелкелестеріне картоппен қо- сып қуырып берген. Майларын шыжғырып алып, оған жеті шелпек пісіріп, білгенін істеген. Осындай жендет бүгінде бостандық сұрап отыр. Бұл Қазақстанда бұрын кездеспеген


№1 дәрежелі қылмыс еді. Сонан да болар, заңгерлер мен пси- хологтар әлі бір мәмлеге келетін түрі жоқ. Өйткені, мұндай жаналғыш, қандықолға өлім жазасы да түк емес.


1999 жылы «Хабар» телеарнасы Алматы облысы, Талғар ауданының Ақтас кентінде орналасқан арнайы аурухана- дан Н.Жұмағалиевпен сұхбаттың бейне-көрінісін көрсетті. Қылмыскер аула ішінде тілшімен әңгімесінде өткеніне өр- тене өкінетінін, көпшіліктен кешірім сұрайтынын мүләйім қабақпен бүгежектеп жеткізді. Осыған сенуге бола ма?


Ертеректе ауылдас қарияның айтқан мына сөзі есімнен кетпейді: «Қойныңда жатқан сүйікті мысығың бойыңнан жан кеткенін білсе, сол бойда беттеріңді сыпырып жеп қояды. Өйткені оның туғаннан пиғылы харам...».


Адамжегіш Н.Жұмағалиевтің отырысы, сөз ләмі маған ұнаған жоқ. Іші зәрлі жылан сияқты кеудесінде аярлық тұнып тұрғандай елестеді. Көпшілікке жалтақ, міскін көрінгенімен оңтайлы сәті туғанда иегіңнен ұстап тұрып, рахаттана бау- ыздайтын нағыз қаныпезердің өзі тәрізді. Сонысына қарамай Жұмағалиев: «Бостандыққа шығуды қатты аңсаймын, егер босана қалсам, көрші республикалардың біріне кетем, Қа- зақстанға мәңгіге жоламаймын», – деп ант-су ішеді. Халқы- мыз мұндай адамдарды «қаны бұзылған, енді қайтіп қатарға қосылмайды» деп табан астында өлтіріп тастаған. Біз ақтап алуға келгенде де, қаралағанда да алдымызға жан салмай- мыз. Бір жазушы ағамыздың шығармасынан: «Ертегідегі жал- мауыз кемпірді де жалмауыз еткен қоғам, қу тірлік қой. Әйтпесе, ол да біреудің қызы, ана емес пe?», – деген жолдар- ды оқып едім.


Ендеше, адамжегіш Жұмағалиевті да «туғанда періште еді, оны да айуан еткен ортасы, қатал тағдыр ғой» деп боса-


 


тып жібереміз бе? Біздің заңымыздың солқылдақтығынан, анғырттығымыздан қаншама күнәсіз жандар көз жұмып жа- тыр. Жақсы, Жұмағалиев бостандыққа шықты дейік. Аты- жөнін өзгертудің, жаңа төлқұжат алудың қазір түк қиынды- ғы жоқ. Тіпті, бет-ауызына пластикалық оташылық жаса- тып, тағы бір жерде адам соятын қасапхана ашса не істей- міз? Адамжегіш Жұмағалиевті босатып жіберу – жаңа қыл- мыстарға жол ашу. Өйткені, қанына қарайған қылмыстық топтар Жұмағалиевтің босанғанын көріп, оның ісін жетілді- руі мүмкін. Айтса айтқандай-ақ, оның түрмеде отырмай, Тал- ғар қаласындағы арнайы ауруханада жатқаны каннибалдарды есіртіп, адамжегіштердің жаңа тобын дүниеге әкелді.


Өткен жылы Ақтөбе облысының шағын ғана қаласы Ал- ғада екі қылмыскердің адамды өлтіріп, етін жегені туралы жан түршігерлік оқиға баспасөз бетінде аз-кем айтылды да, ешкімді аса қобалжытпай, тына қалды. Шамасы, елдің еті үй- реніп болған-ау!


Түсінесіз бе, адамдардың адамдарды жеуіне елдің құлағы үйрене бастапты! Ең қорқыныштысы – осы. Жұмағалиевтің кәсібін тамаша дамытқан, Алматы қаласының Сейфуллин кө- шесінен он екі қызды пәтерлеріне алдап ертіп әкеліп, қорлап өлтіріп, етін пісіріп, сорпасын ішкен Копай, Турочкиндерді қайда қоямыз?


Осыдан бір жарым ай бұрын осы қылмыстық топтың бас- шысы ату жазасына кесіліп, қалғандары ұзақ жылға соттал- ды. Жас қыздардың етіне дәніккен каннибалдар бұлармен де тоқталмайтыны белгілі.


Негізінен каннибализм мен вампиризм бір ұғым тәріздес. Осы бір алапес кәсіп туралы ғылым не айтады екен, соған на- зар аударайық.


Бүгінгі танда Еуропадағы вампирлер туралы аңыздарды аркау етіп, мыңдаған кинолар түсіріліпті. Шынында да, қан ішпесе өмір сүре алмайтын, күннің көзін жек көретін, адамға тән емес керемет күштің иелері – вампирлер туралы аңыздар рас па?


Мұны Калифорния университетінін профессоры Уайн Тикканен растайды. Бірақ вампир аңызда айтылғандай, шай-


 


тан ұрығы емес, дейді ол. «Олар – порфино дертіне шал- дыққандар, яғни, пигменттері бұзылғандар. Күннің ультра- күлгін сәулесі науқасқа тік түскенде, оның гемоглобиндері құлдырап, вампир қоңыр түске енеді. Ағзасы кішірейе түсіп, егер күн астында көп тұрып қалса, вампирлер іштей жары- лып кетуі де ықтимал. Аңыздардағы вампирлер өмірде шын мәнінде бар. Олар жүз мың адам арасында біреу болып кез- деседі. Дегенмен, онда вампир керемет күштің иесі деп асыра айтылған. Ол тек өз қорегін табу жолында ештенеден тайын- байды», – дейді профессор.


Күн сәулесі қанқұмарлардың азабын арттырғандықтан, олар адамдарға түнде де, күндіз де ашық шабуыл жасайды. Ал, күндіз молаларда ұйқтайды. Кейде мұндай адамдар та- улы аймақта да кездеседі. Ол туыс адамдардың жыныстық қатынасқа баруынан деп түсіндіріледі . Вампиризмді емдеу- ге қазіргі медицинаның күші жетпейді. Олардың бар екенін мына оқиға тағы да растай түскендей. Чех археологтары қазба жұмыстары кезінде бір әйелдің моласын тапқан. Ол атақты вампир граф Дракуланың қарындасы деп топшыла- нуда. Мұндай болжамға келуге себеп – дененің солтүстіктен оңтүстікке қаратылып, қолы мен аяғының байлаулы, төң- керіліп жатқандығы. Өйткені, біздің дәуірімізге дейінгі ерте- рек кезде қанқұмар жандарды осылай жерлейді екен.


Ал, біздің адамжегіштерді қапысыз тексерген дәрігерлер олардың денсаулығынан ешқандай ақау, ауытқу таппаған. Бұлар әуелі әуесқойлықпен бастап, ақырында адам етіне құ- нығып алған қорқаулар демеске ылажымыз жоқ.


Қазақ криминалистикасының тарихында «каннибализм» термині сирек кездеседі. Соған қарағанда осы сұмдық қыл- мысқа қатысты арнайы бап та жоқ болуы мүмкін. Уақыт өте келе, шыққыр көзің небір сорақылықтарды көріп жатыр ғой. Ендігі жерде каннибализмге қатаң шара қолданбаса, бұл айуандық құбылыс ырық бермей кетуі мүмкін.


Қысқасы, Қазақстанда және бүкіл жер бетінде адамжегіш- терге орын жоқ.


«Ана тілі», 9.05.2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу