Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Арманым

Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Алаулап әлі күнге жанғаным жоқ.
Үміттер жетелейді үнемі алға,
Арайлап ататұғын таңдарым боп.
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Шыңыма әлі шыға алғаным жоқ.
Тынымсыз талпынамын, шарқ ұрамын,
Бүгінді ертеңіме жалғағым кеп.
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Талпынған талабымнан танғаным жоқ.
Айта алсам болғаны тек:
Өмірімді
Адамзат бақытына арнадым деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу