Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  188


Автор: Абдрахман Асылбек

Қос балам

Қос балам –
Егіз туған қос қанатым,
Бәйгіге баптап бағып қосқан атым.
Сөреге жүлдегер боп жетер болса,
Үмітті ақтағаны тосқан атым.
Қос балам егіз туған – мақтанышым,
Аянбай алыс жолға шапқаны шын.
Арындап асар небір асулардан,
Аралап өтер небір шатқал ішін.
Үмітін озық оймен оқтағасын,
Тынбасын, тартынбасын, тоқтамасын.
Әкенің жалғастырып арман жолын,
Өмірде өшпейтұғын от қаласын.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу