Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  124


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұйқы

Шаршап бір келген шақта күйкіменен,
Сиқырлы әлдиі мол күй тілеген,
Рахат бесігіне бөлейтұғын,
Шіркін-ай, қандай тәтті ұйқы деген!
Күйбелең ұмытып бар тірлігіңді,
Қуасың көңілдегі кірбіңіңді.
Жатасың созып тастап аяғыңды,
Сезініп тыныштықпен бірлігіңді.
Төсекке құлай қалсам ауып денем,
Мен, бірақ, қатты ұйқыдан қауіптенем.
Көбіне кірпік қақпай есіме алам,
Өткізген күндерімді сауықпенен.
Мойындау әлсіздікті ұят маған,
Кеудемнен қорқынышты күй ақтарам:
Алаңсыз мызғыр болсам бойым балқып,
Мәңгілік ұйықтап кетер сияқтанам.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу