28.02.2022
  229


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ҚҰЛДы «бәРЕкЕЛДЕ» өЛТіРЕДі немесе қалжыратқан саяси ойындар туралы

Сыбайлас жемқорлық деген жеті басты жалмауызбен Қа- зақстан өкіметі тәуелсіздік алғаннан бері аяусыз күрес жүр- гізіп келеді. Осы бір тажалмен күресетін тұтас комитет пен мемлекеттік комиссия да құрылды. Бірақ...


Атақты Конфуцийден біреу: «Үкіметтің үш ресурсы – қу- атты әскері, мол азық-түлік резерві және халықтың сенімі


 


бар. Екеуін қалдыру үшін алдымен неден бас тарту керек?» деп сұрапты. Қытайлық дана: «Әскерден» деп жауап беріпті. Тағы да әлгі адам сұрақ қойып: «Біреуін ғана қалдыру үшін қайсысынан бас тарту керек» депті. «Азық-түліктен бас тар- ту керек» депті сонда Конфуций жарықтық. «Өйткені, барлық адамның ғұмыры өлшеулі – депті өз сөзінде данагөй қария, – алайда ең бастысы – өз халқының сенімінсіз үкімет бір күн де тұра алмайды» деген екен.


Бір қызығы, біздің Үкімет ұятты белге түйіп қойып, әлі күнге шімірікпей өмір сүріп келеді.


Атқарушы билік өткен он жылдың ішінде халықтың әб- ден етін өлтіріп, сүйегін жасытып, рухын күлді-көмеш қы- лып, иіс алмас дәрежесіне жеткізді. Әуелі бүкіл жинап-тер- генін құнсыздандырды. Терещенко Үкіметі бүкіл инвести- цияны алаяқтарға бөлiп берді, жекешелендіруді желеу етіп, жылтырағанның бәрін хан-талапайға салды. Қажыгелдин Үкіметі төрт түлікке қырғиша тиді. Ауылды шапқыншылық- қа ұшыратты. Одан кейін де талай сорақылықтар орын алды. Жер сатылды, арам ақша заңдастырылды. Шетелден қанша ақша келді, оны да ешкім білмейді. Өйткені, осы бір аса жау- апты операцияға бірде-бір тәуелсіз эксперт қатыстырылған жоқ. Бірақ, бойға біткен бала бәрібір жарық дүниеге шықпай тұра ма ? Артынан белгілі болғанындай, осы ырғын ақшаның жартысы науқандық операция аяқталғаннан кейін қайтадан шетел асып, тең жартысы отандық өнеркәсіпті өркендетуге емес, 300 пайыздай пайда әкелетін казинолар салуға пай- данылған көрінеді. Мысалы, халқы Алматыдан он есе көп Мәскеуде 38 казино болса, біздің Алматымызда 54 казино бар. Осының өзі көп жағдайдан мәлім беріп тұрған жоқ па?


Енді Үкімет Парламентке қысым жасап, алпауыттардың бұрын өз аттарына тіркемей, кембағалдардың тізіміне тірке- тіп қойған үй-жайлары, кәсіпорындарын заңдастыруға күш салып жатыр. Өткенде ғана Елбасының өзі аядай Алматының айналасында алпауыттардың тізімге тіркелмеген, ешқандай салық төленбейтін бағасы 2 миллиард доллардан асатын үй- жайлары бар екенін мәлім етті. Бұған да қарапайым халық үн шығарған жоқ. Үн шығарғанда не істемек?


 


Ең сорақысы кешегі өткен мәслихат сайлауы болды. Мә- селен, Шымкент қаласында дауыс берушілер тізімнің арасы- нан бұдан он жыл бұрын дүние салған аруақтардың да онда- ған аты-жөні кездесті. Осы тізімде бірнеше Қырғызстан аза- маты да жүрген көрінеді. Қазинесі кең Құдай-ай, мұндай да сайлау болады екен-ау! Мұндай аярлық, мұндай басынушы- лық, заңды әбден жер-сібір етіп, жұртты одан зәрезап қылу дүниежүзінің сайлау тарихында бұрын болмаған да шығар ?! Халық бұған да үндеген жоқ. Үндегенде не істемек? Ор- талық сайлау комиссиясының төрайымы З.Балиева ертесіне


сайлаудың ойдағыдай өткенін «Хабардан» сайрап тұр!


Қалай дегенмен де, биліктегілер өздерінің бастапқы ар- манына қол жеткізді. Әлеумет меңіреуге айналды. Бірақ, ай- наламыздағы мемлекеттер мұндай зұлымдыққа төзбейді екен. Сайлаудағы әділетсіздікке жаппай қарсы болған грузин хал- қының біршама бөлігі батыл қимылдарын әлі тоқтатпай, Шеварднадзе тағын төңкеріп тынды. Осы сайлауға сырттай бақылаушы болып барып қайтқан Дос Көшімнің әңгімесінен де көп жайды аңғаруға болады.


Қазір біздің қоғамда бір ғана ақиқат бар: мейлі екі иы- ғыңнан екі біліс шамы жанып тұрса да, ақшаң болмаса де- путат та, шенеунік те бола алмайсың. Бүгінде Үкімет айна- ласындағы әрекеттен қалған, қарақан басының тірлігін шал- қытып, ер қара болып отырған кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің әрекетін саралағаныңда көкірек басына удай ащы запыран тамшылайды. Мысалы, отандық жанар-жа- ғармайды тікелей бақылауында ұстайтын министр Школь- ник өтіріктен өліп кетпей, әлі жер басып жүр. Бәлен милли- он тонна астық жинадық деп күпінгенімен, нан неге қымбат деген сауалға жауап бермей Есімовтің жүрісі анау! Еліміздің басқасын айтпағанда, тасбақасы мен шаянына дейін үпте- ліп жатқанда жұмған аузын ашпай, отырған экология ми- нистрі Самақова мынау! Қазіргі қымбатшылықты терең са- раптаған адам монополияға қарсы комитеттің піштірілген сәуріктей ойын алаңынан шеттеп қалғанын байқар еді. Осы айлапат комитеттің республикалық, облыстық, қалалық, ау- дандық мекемелеріндегі мыңдаған сеңдей соғылысқан қыз- меткерлерге қор болған қайран ақша десеңші! Ал, комитет


 


төрағасы О. Жандосов қара тұяқтан қал кеткенше осы орны- нан қозғалмауға бар. Жалғыз Жандосов емес, сол айналадағы біраз атқамінерлердің де «Қой, әрекетсіз отырғанымыз ел- ден ұят болар, бұл қызмет маған қол емес екен, орнымды бо- сатайын» дейтін бірде-бірі жоқ. Зейнетақыны қайта есеп- теу жүйесін ала тайдай бүлдірген, халықтың миын ашытқан Қарағұсова әлі шімірікпей орнында отыр. Тіпті Н.Коржоваға дейін билік тасбиығынан әлі күнге үзілер емес. Коржованың күйеуі Александр Коржов халықтың біраз қаржысын үптеп, осыдан төрт жыл бұрын Мәскеуге қашып кеткенін біраз ба- сылымдар жазған болатын. Екеуі әлі бірге тұрады. Ендеше, осындай жанның әйелін билік басында тапжылтпай ұстау кімге тиімді?


Жыл сайынғы екі мезгілдегі – көктемгі және күзгі қым- батшылықтың астарында халыққа шыр бітірмеу сияқты зұ- лымдық жатыр. Нан қымбат дейміз, қымбат болмай қайтсін, бір аптаның ішінде (13 қараша күні «31» телеарнаның кеш- кі хабарында көрсетілді) 150 мың тонна жоғары сортты ұн Өзбекстан асып кеткен. Бұған кім тосқауыл қоймақ? Рес- публиканың басқа облыстарынан Ресей асып жатқан астық қаншама? Үстіміздегі жылғы 11 қазан күні Астанада Прези- дент қылмыспен күрестің қазіргі жай-күйі туралы кеңес өт- кізді. Елбасы жан-жақтан қармалаған жалмауыздыққа ашы- на келіп: «Қайда барсаң да – ақшаға ашкөздік. «Гаишник- тер» кеденшілерден қымсынып-қымтырылмай-ақ алатынын ала береді, ал жүргізушілерді көлік бақылауының инспек- торы немесе көлденең біреулер қан қақсатып жатса, екеуі де теріс бұрыла қалады. Егер осылардың өздері қылмысқа араласып жатса, онда құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі туралы  қандай  әңгіме  қозғауға  болады?»  де- ген еді. Уақыт өткен сайын мемлекет мүддесін мансұқ ет- кен, халық байлығын талан-таражга салған масқара жайт- тар белгілі болып жатыр. Қаншама айтылып-жазылғанымен, Қазақстан экономикасы оффшорлық аймақтар – Бермуд пен Виргиния аралдарының қармауышынан босап шыға алар емес. Осы бір түпсіз аранға арзан мұнайды ытқытып жатқан дүниежүзінде бірден-бір ел – Қазақстан. Нақты деректерге


 


сүйенсек, биылғы жылдың бірінші жартысында ғана Вирги- ния аралдарына 2,63 миллиард доллардың мұнайы елімізден тасып әкетілген. Ал, осы қыруар мұнайдан ешқандай салық ұсталынбаған. Тәуелсіз сарапшылардың есебі бойынша, әл- гі 2,63 миллиард доллардың кемінде 1 миллиард доллары салық есебінде ұсталуы керек екен. Міне, көрдіңіз бе, мәсе- ленің қайда жатқанын? Кез-келген елдің, үкіметтің өзіндегі мұнай мен басқа шикізатты сыртқа таситын отандық бол- сын, шетелдік болсын бизнестің халықаралық деңгейдегі мә- селелері бойынша Үкімет әлгілерден ең болмаса экспорттық баж салығын алып отыруы керек. Бізде мәжіліс депутатта- ры сол экспорттық баж салығын қып-қызыл байлығымыз


– мұнайдың өзіне де енгізе алмай жүр. 1996 жылдан бері осыған қатысты үш рет талпыныс жасалды. Үшеуінде де Қазақстан Үкіметі мәжілістің алдында осы экспорттық, баж салығы жөніндегі заң нормасын өткізбеу үшін өлімін салды. Осыдан кейін Үкіметтің айналасындағы aт төбеліндей сатқын шенеуніктерге не айтуға болады?


«Мұнайлы мемлекетпіз» деп кеуде қаққанмен, «қара ал- тынның» шын мәніндегі қызығының өзімізге бұйырмайты- нын басқа-басқа емес, Украина Президенті Леонид Кучма- ның аузынан естиміз деп кім ойлаған? Каспийден Қара теңіз жағасына жобаланған «Одесса-Броды» мұнай құбыры жай- лы сөз қозғаған Украина Президенті «Қара теңіз жағалауына Каспий шикізаты жетеді деген – екі ұшты сөз. Қазақстанның өндіретін мұнай көлемін білгілеріңіз келе ме? Бірақ, ол мұнай тіптен де Қазақстандікі емес, халықаралық компанияларді- кі. 47 миллион тонна! Оның үстіне, Қазақстанның ішкі сұра- нысына 17 миллион тонна қажет. Ал, бұл кезде Қазақстан 5 миллион тонна мұнайды Ресейден сатып алып отыр», – деп- ті. Бұдан артық таба болмас! («Түркістан» газеті, 26.06. 2003 жыл).


Егер осы дерек рас болса, мұнай елімізге байлық емес, қара пәле болып жабысты демеске амалымыз жоқ.


Қазақта «Естілер қызметпен лауазым өзін тaстaп кетпей тұрғанда қоштасады» деген нақыл бар. Бүгінде жоғарғы би- ліктің айналасында қабілетсіз, дарынсыз, бірақ қара басының


 


қамы үшін ұстаған жерде тісі кететін шенеуніктер тақ то- лы. Халықтың әлі күнге ыңыршағы айналып отырғандығы осылардың кесірінен деуге қазір толық негіз бар.


Елбасы айтқан осы ашкөз шенеуніктер мұнайды сату- дан түскен қаржы ЖІӨ-нің 8 пайызын құрайды деп бізді көпе-көрнеу алдап келеді. Оның үстіне жыл сайын сыртқы қарызымыз да қарыштап өсіп барады.


Батыстың арнайы маманданған қаржылық құрылымда- рының мәліметіне қарағанда, 1999-2005 жылдар аралығында Қазақстанның сыртқы қарызы 7 миллиард доллардан 26 мил- лиард долларға дейін өскен. Мұны қалай түсінуге болады? Бұл дегеніңіз – еліміздің тарихындағы ешқашан кешірілмей- тін үлкен қылмыс!


Оның үстіне нан қымбаттаса, мұнай мұхитының үстінде отырып, өзіміз біреуден мұнай сатып алсақ, болашағымыз қалай болмақ? Осы opайда Британияныц әккі арланы Уин- стон Черчиллъдің мына сөзін келтіре кеткен артық болмас:


«Мен қарттық келіп, сосын өлемін деп ойлаушы едім, бірақ Ресейдің жарты әлемді қоректендіруге көшіп, бидайды ше- телге шығара бастағанын естіп, күлкіден өліп қала жазда- дым...».


Ол күлмегенде қайтсін, өйткені бұрынғы КСРО бидай- ды шетелге шығарамыз деп бөскенімен, шындығында өздері шеттен астық сатып алып келгені өтірік емес.


Тағы бір айта кететін мәселе, еліміздегі банктердің пыша- ғы май үстінде. Несиелік пайыз әлі аспандап тұр. «Әй» дей- тін әже, «қой» дейтін қожа жоқ. Республикамыздағы жетек- ші банктердің бірі – «ТұранӘлемБанк» енді еліміздің кәсіп- керлерін қойып, Ресей мен Украинадағы іскер топтармен келісім жасап, 245 миллион доллармен соларды қаржылан- дыруға көшті. Осы орайда күллі мәселе ұлтжанды кадрлар тапшылығына келіп тіреледі.


Бұдан үш жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінің та- ралымы туралы ой бөліскен дөңгелек үстел мәслихатында ақын Т.Медетбек: «Қазіргі басылымдарда ішек-қарнын қо- пара көрсеткен журналистік зерттеулер жетіспейді. Кейбір өткір елдік мәселелерді Президентке де жеткізіп айту керек.


 


Үкіметтің кейбір мүшелерінің ары-бері ауыстырылуында тіп- ті қисынсыз әрекеттер бар. Соны жазу қажет. Мәселен, Сау- ат Мыңбаевты Ауыл шаруашылығы министрлігіне апарудың қажеті бар ма? Ол өзініц мамандығы бойынша қызмет істе- се, несі жаман? Мәселен, мұнай өндірісіне еш қатысы жоқ Қаппаровты да кезінде сала басшысы етіп отырғызды. Ол қант пен спирт сатып жүрген адам ғой. Міне, осындай қара- ма-қайшылықтар жетіп артылады», – деп өте дұрыс айтты.


Т.Медетбектің осы өзекті пікірі қазір де күн тәртібінде тұр. Бір-екі ай бойы тұсаулы жүрген жылқы тұсауын алсаң да, шапшуын қоймайды. Тәуелсіздігімізді әлі сезінбей, аяғымыз- да шідер болмаса да, кібіртіктеп жүргеніміз қайбір жақсылық


дейсің.


Осындай бір өліара шақтарда болашағы бұлыңғыр, кү- дікті партиялар да шиге шаншылған құмалақтай көбейіп кетті. Мысалы, «Ақжол» партиясына тең төраға болып Ал- тынбек Сәрсенбаев келгенін, оның қатары жазушылармен, белгілі адамдармен толыққанын басылымдар жарыса жа- зып жатыр. Алтынбек Сәрсенбаев, сөз жоқ, орданың ішек қырындысына дейін білетін сұңғыла саясаткер. Бірақ, ол ке- зінде «Демтаңдаудан» жалт беріп, атын өзгертіп, «Ақжол» бо- лып шыға келген, ақырында атқарушы биліктің қолбаласы екенін дәлелдеген партияға қандай үлес қоспақ, мәселе осын- да болып тұр ғой! Талай оппозициялық партиялар тиісті қолын жинай алмай тырапай асқанда, «Ақжол» партиясы қас пен көздің арасында 50 мың қол жинап алуында не сыр бар? Ең бастысы, миллион мүше жинаса да осы партия әлеуметке не бермек? Шынын айту керек, көпшілік қазір «Ақжолдың» бұлайша елді дүрліктіруін кезекті бір саяси ойын ба деген- дей, ішін жиып отыр. «Арба қара жерде кемені арқалап келіп, суға жеткен соң кемеге өзі мінеді», – дегендей, әлеумет ке- ше ғана аузындағысын жырып беріп байытқан, ал қысылтаяң, көкөзек шақта сол өзі асыраған ұлдарына сүйенетіні ақиқат. Осы «Ақжолдың» тең төрағасы Болат Әбілов жайлы «Дожи- вем до понедельника» (8.05.2003 ж.) газеті былай дейді: «Бу- тя – капитал» собрал более 90 миллион купонов, которые обменял почти на 2,5 миллион акций различных казахстан-


 


ских предприятий. Свои убытки «Бутя – капитал» превратил в прибыль. В своем балансе на 1 января 1997 г. руководство ИПФ «Бутя – капитал» записало убытки в 415722500 теңге. Это сумма в 6 раз превышает стоимость обмененных на купо- ны акций. Откуда возникала такая астрономическая сумма? Ее создали, искусственно, утверждают эксперты, просто про- вели переоценку уставных фондов предприятий. Вроде бы, формальность, но именно она дала Буте – капиталу индуль- генцию на пять лет, пока его коммерческая прибыль не пере- валит за те самые 415 млн тенге. В течение всего этого срока Бутя мог не платить 30-процентный налог на прибыль и вво- дить в страну все, что угодно – от презервативов до автомо- билей...»


Біздің байшыкештердің баю жолдарының бәрі күмәнді. Осы орайда алғашқы миллионы таза ұрлық, қылмыс, алаяқ- тықтың арқасында жиналғанын айтып, ағынан жарылған Рокфеллерді әулие екен дейсің.


Болат батырымыз, міне, он жылдан бері 90 миллион ку- понның иелеріне бірде-бір теңге девиденд берген жоқ. Осы- дан кейін Әбілов жүрген жерде шөп шығады дегенге кім сенеді.


Тағы бір жанымызға бататын жағдай – бұрын еліміздің экономикасын үріп ішіп, шайқап төгіп кеткен аярлар дәулеті азайғасын Қазақстанға қайта келіп қор жинайтындығы. Елі- міз олар үшін бейне бір бордақы алаңы сияқты. Кешегі тәу- елсіздігіміздің алакөбеңінде аңғырттығымызды пайдаланып, біраз дүниені опырып кеткен сұғанақтардың бірі – Олег Со- сковец «ЕурАзЭК-тың іскерлік төрағасы  ретінде  арамыз- ға тағы келді. Жақында Алматыдағы болған жиында С.Тере- щенкомен екеуі әлденені сыбырласып, ішек-сілелері қатып күлгендерінің себебі – қаймана қазақты мазақтап тұрғандары ма, кім білсін?


Сөз арасында айта кетейік, мысалы, Израильда бүкіл дү- ниежүзінің бай әрі атақты адамдары, миллиардер еврейлер жерленетін аса қымбат қорым бар. Бір-бірін үгіттеп неме- се осы қорымды айызын қандыра жарнамалап, тіпті қасиетті мекен деп дақпырт қылып, әлемнің ауқатты адамдарына


 


алдын-ала бұл арадан бағасына шашың жетпейтін тоқымдай жер сатылып, болашақ қабірлерін күні бұрын дайындап қою дәстүрге айналыпты. Осы қорымнан 2000 жылы қазақстандық кәсіпкерлер жинап берген 4 миллион долларға Алла Пугаче- ва мен Филипп Киркоров та өздерінің болашақ моласына ар- нап жер сатып алып қойғанын өткен жылы Ресей баслымда- ры жазды. Міне, «құлды бәрекелді өлтіреді» дегендей, біздің ақша қайда кетпей жатыр дейсің...


Оқырман үшін мына бір жайт та қызық болар, биылғы жазда «Қазақхром» трансұлттық компаниясының президенті Әлижан Ибрагимовтің ұлы «Соколов – Сарыбай» кен байы- ту бірлестігінің президенті Мұхамеджан Тұрдахуновтың қы- зына үйленді. Той Бішкекте, Тоқмақта, Алматыда әлденеше күнге созылды. Бішкекке белгілі шоумен Сергей Погосян ша- қырылды. Михаил Шуфутинский де ере келді. Алматыдағы тойды Александр Машкевич көтеріп алды. Мәскеуден Фил- липп Киркоров жетті. Қаржы суша ақты. Тіпті осы салтанатқа Израильдің экс-премьері Эхуд Барак пен ресейлік олигарх Олег Дерипаска да қатысты. Біз мұны біреудің байлығын қызғанғандай неге айтып отырмыз? Кешегі Бішкек пединс- титутын бітірген қатардағы мұғалім, бүгін Қазақстан эконо- микасының үштен біріне иелік етіп отырған Александр Маш- кевичке мұндай байлық қайдан біткен? Мәселе осында болып тұр ғой. Сөз түсінетін пенде болса, біраз нәрсе айтылғандай болды-ау деймін. Иә, айт – аттынікі, той-тондынікі... Ал, қай- мана қазақ қайда бармақ? Мүмкін қайыршылықтан «Асар» жасап құтылармыз...


«Ана тілі», 18.12.2003 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу