Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.02.2022
570

* * *
Сені көрсем – көзімнен нұр аунаған,
жанға шуақ төгілер тұмаураған,
сала берер жарқырап мынау ғалам,
сені көрмей жүру – бір мұң-ау маған.
Жаным діріл қағады сағыныштан,
(жуытпайтын тағдыр ғой - кәрі мыстан)
Сені көрсем – жандардай жаны ұғысқан
Жалғыз сендік көңілім алып-ұшқан.
Сені көрсем – жүрегім лүпілдеген,
бөленгендей бақытқа бүкіл денем,
Мүмкін, сені ойлаумен күпірге енем...
әлде, байғұс көңіл ме күпілдеген....
Мен әйтеуір, соны да – шүкір көрем.. . .
2007 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter