Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.02.2022
656

Жан анам
(әні бар)
Жаныма сіңген сарын ән,
Өмірде кием таныған,
ұлылық – тегі жылылық,
Ол сенен, ана, дарыған!
Қайырмасы:
Жебеушім!
Жалғыз періштем!
Өзіңсіз жанға өріс кем!
Тербеткен әлди - әнімен,
Қымбатсың маған бәрінен
Жан анам, жан анам!
Тағдырдан жесем қайғы - мұң,
Тірліктің сезсем байлығын,
Адассам арман жолында,
Ақылшым – сенсің – айбыным!
Қайырмасы.
Шақтарда налып, аһ ұрған,
Сөздерің ойға шақырған,
Жұмақ деп білсем жер бетін,
ол – сенің махаббатыңнан!
Қайырмасы.
2007 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter