Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.02.2022
493
Күзгі элегия
(әні бар)
Күз келді құстардың
салдырып мұңды әнін,
Беу, өмір, құштармын,
қабыл ал, ырғағын.
Аңсарым−ай, хабарың кеп,
Жанар ма екен жанарымда от?!
Жапырақ жанымды
жұлмалап күзгі жел,
Жолдаумен әнімді
үмітім үздігер.
Шаттық па, әлде, саған қайғым?!
Мұңымды мен шағам қай күн?
Кеудемде бұлқиды
көктемнен қалған сыр,
Көз жасын іркиді
жүрегім арманшыл.
Қоштасу ма күз дегенің?
Үмітімді үзбе менің!
2007 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter