Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  166


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Қалқа болып тағдырыма тұра алсаң,
Қалқаң болып жүрер едім мәңгілік.
Жаратқаннан жалбарынсам, сұрансам,
Жарым көңіл, жарты бақыт- әңгүдік
мына менің сөзім себеп болар ма!?
Бақыт болып сен басыма қона алсаң,
шаттық әнін айтар едім өлгенше,
сол күйменен мәңгілікке жоғалсам!
Тағдыр, маған ұза-а-қ ғұмыр берме, енше,
Сені ғана көретұғын жанарға!
Тірлік маған жаймаса да желегін,
Тұрмаса да Күн күлімдеп төбемде,
Мен мәңгілік өмір сүрем дер едім,
Сен мәңгілік қайғым болсаң егер де!
Ондай бақыт сірә, бізге қонар ма?!
2006 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айкан
Айкан 06.02.2025 16:05
Аа

Пікір жазу