Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  222


Автор: Елена Әбдіхалықова

Осы бір күні

Бердібек Сапарбаевқа
Ысырып тастап көкірегімнен мұңды ащы,
Шабытын тілеп сарғайған күндер сырды ашты,
Осы бір күні туылар күн бе бір жақсы –
аспанның неткен нұрлы асты?!
Осы бір күні төгіліп нұры Тәңірдің,
Ашты екен, сірә, ананың іңкәр бағын кім!?
Осы бір күні өмірге келген сәбидің
әлдилейді екен жүрегін жалын, жанын Күн!
Осы бір күні таңы да жарық фәнидің,
Осы бір күні шамы да жарық әр үйдің,
Осы бір күні Тәңірім өлең күбірлеп,
Кіндігін кесті Хантәңірі Мұқағалидың.
Жаныңыз шуақ, қасиетін бойға жинаған,
Сіздегі сөз бен иманыңызға иланам.
Халқымның арын, салтымның зарын жоқтар деп,
Осы бір күн ғой Сізді де бізге сыйлаған.
Осы бір күні туылды солай бір дарын,
Жүректен жұртқа төгумен өткен жыр-жалын....
Осы бір күні жөргекте сонау Сырдағы
іңгәлап сәби, бөлеген нұрмен құндағын....
.... Осынау бір күн, жасай бер мәңгі –
Тудырған
халқымның асыл Ұлдарын!
9 ақпан 2006 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу