Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.02.2022
146

* * *
Арпалыс орта – қоғамың,
Арзанқол байлам – бағамың!
Ақылсыз болу – адасу!
Ақылды болсаң, о да мұң!
Көрсетпе мықты осы деп,
Мықтыға жұрттың өші көп,
Талантсыз болу айып па,
Талантты болсаң – қасірет!
Биліктің беті сере қар,
Көмейде тулар көне зар,
Надандау болсаң, сенеді, ал
данышпан болсаң, өле қал!
Күй жетпей көңіл-құраққа,
Төзерсің тағдыр-сынаққа,
Арамдау болсаң – атақ бар,
Адалмын деме бірақ та!
Адаммын деме бірақ та!
2005 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter