Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.02.2022
187

* * *
Жиденің гүлі жұпарым менің,
Іңкәрім - өзің жалғанда,
Аңсарым - иісің, жұтарым - демің...
туған жерге бір барғанда.
Жиделер гүлдер мамыр келгенде,
сағым белдерде тербелер,
жалғаншыл жалын жанымда өргенде,
өзің ғой маған дем берер.
Жиденің гүлі – даламның хошы
денеме сіңген, бойдағым.
Базары болған бабамның да - осы!
Туған жер, сенің қойнауың.
Жиденің гүлін – ауылдың иісін
аңсатты – ау, қызық қуған бел...
Тағдырым, мейлі, жанымды қисын,
тек аман болсын, туған жер!
2007 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter