Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
193
Еркіндік
Келіншегің көркем екен, жігітім,
Көздеріне қадаласың күні-түн.
Көп ішінен кейде біреу сұқтанса,
Қызғанасың үзілердей үмітің.
Текке азапқа салынасың ондайда,
Келіншегің торға түскен торғай ма?
Тамылжыта сайрағанда бұлбұл құс,
Таңдап барып гүл бағына қонбай ма?
Ол да пенде түйсігі бар, сезімі,
Ақыл, талғам, тоқтамы бар, төзімі.
Құлақ түріп, тыңдап көрші бір мезет,
Күмбір қағып тұрған жоқ па өз үні?
Жас отаудың тірлігі үшін алаңдар,
Бір-біріңді адал жар деп санаңдар.
Жаны ізгі жаратылған жарандар,
Бір-біріңе адам болып қараңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter