Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
141

Мен ешкімнің тілемес ем азғанын
Мен ешкімнің тілемес ем азғанын,
Қастандықпен біреуге ор қазғанын.
Тілер едім –
Кешіп өмір саздағын,
Шырқап көңіл назды әнін,
Жақсылықтың жалындат деп маздағын.
Мен ешкімнің тілемес ем өлгенін,
Қас дұшпаным болсын мейлі ол менің.
Тілер едім –
Тірлігінде тіресіп,
Күші жетсе күресіп,
Менің де бір құдіретімді көргенін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter