Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
133
Сезіну
Кейбір сәт шулы топқа кезігемін,
Отырып ойсыздармен езілемін.
Санамды сауықтырар саңлау таппай,
Мен сонда жалғыздықты сезінемін.
Кейбір сәт той-думаннан безінемін,
Алапат жан дүниесін кезінемін.
Өлмейтін өзек тауып кітаптардан,
Мен сонда көптігімді сезінемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter