Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
27.02.2022
258
КҮТПЕГЕН ҚОНАҚ
Сәске түс кезі. Әлден уақытта шағын үйдің есігі шалқасынан ашылып, ішке Көзілдірікті енді. Өзі самбырлай сөйлеп келеді.
- Оу, мұндағылар шетінен маубас болып кеткен бе? Ұйықтап жатқандарың
қалай? Бұл үйдің қожасы қайда?
Кекілді Қыз қатты дауыстан шошынып, басын шапшаң көтеріп алды. Көзін әрлі-берлі уқалап, келген жанның кім екенін толық ажырата алмады. Ағасы да әрең оянды. Көзілдірікті оған сұстана қарап:
- Қожаң қайда? – деп сұрады.
- Науқастанып жатыр.
- Неге ауырады?
- Оны қожайынаннан сұра. – Ағасы ұнатпаған кейіппен Көзілдіріктіге ала
көзімен қарап қойды.
- Қара Қарындаштан хабар жоқ па?
- Оны көшедегі, сырттағы елден сұра.
- Өзің барып тұрған қыңыр екенсің.
- Қыңырлық қисық сөйлегеннен шықса керек. Ал мен оң сұраққа оң жауап
беріп үйренген жанмын.
Көзілдірікті тістене сөйлеп:
- Бәлем, қожаң келсін, жоныңнан таспа тілдірермін, – деді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter