Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  630


Автор: Абдрахман Асылбек

Сүйемін сұлу көктемді

Сүйемін сұлу көктемді
Қайталап дәйім келетін.
Сүйемін бастан өткенді
Түсіме ғана енетін.
Көктем бір көркем жасыл бақ,
Аралап әнге салатын.
Ол-дағы көктем жастық шақ,
Қиялым менен қанатым.
Қысқа еді неткен жастық шақ?
Барады өтіп бала күн.
Азырақ бөгел, аш құшақ,
Еншім көп әлі алатын.
«Қайдасың, жастық, қайдалап»,
Шарқ ұрар менің көңілім.
Көктемдей болып қайталап,
Тұрса екен мәңгі өмірім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу