Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
345
Шықпасам көп күн ұзаққа
Шықпасам көп күн ұзаққа,
Пысады ішім, пысады.
Түсіріп бір кез тұзаққа,
Қысады ұйқы құшағы.
Далаға кетсем бір шығып,
Көтеріп көңіл пәрмені,
Тұрады жаным құлшынып,
Жасамақ болып әр нені.
Көркіне туған өңірдің
Қараудан әсте тоймаймын.
Көру мен жасау – өмірдің
Мәні деп сол кез ойлаймын.
Жарысқан жүйрік толқындай,
Қиялды қиял қуады.
Қимылдай берсе қол тынбай,
Ғажайып істер туады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter