Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  147


Автор: Абдрахман Асылбек

Жайсаңдар

Өмірде бар ғой, шіркін, жақсы адамдар,
Көңілі – ақ шағала, ақша таңдар.
Жасанып жайнап кетер барлық әлем,
Бір сәтке көңіліңді тапса жандар.
Пейілі жайсаңдардың дала сынды,
Көңілі жаз дидарлы бала сынды.
Ақаусыз ақтарыла құрақ ұшып,
Алдыңа жайып салар бар асылды.
Жайдары болса, шіркін, жанның бәрі,
Арайлап атар еді таңның бәрі.
Тек қана жырлар еді жайсаңдықты,
Жүректі жарып шыққан әннің бәрі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу