Әңгімелер ✍️
ҚҰЛПЫРҒАН БОЯУЛАР
Қара Қарындаштың қуанышы қойнына сыймай жүрген. Ақ Альбом екеуі Кекілді Қызды қалаға шығарып салып тұрып:
- Кешікпей кел! Біз сені осы маңда күтеміз, – деді. Олар жалғыз аяқ
жолмен ұзап бара жатқан Қыздың соңынан елжірей қарап тұрды. Қолындағы кішкене себеті ағараң-ағараң етіп, көзге тым ыстық көрінеді. Оның ішіндегі торғай жұмыртқасындай құтылардағы бояулар ертең-ақ тамаша бояу қарындаштар болып ораларын ойлағанда Қара Қарындаш та, Ақ Альбом да тебіреніп кетті. Қара Қарындаш жалғыздықтан енді біржолата құтылмақшы. Ойға алған армандарының көбі орындалар күн алыс емес. Бәрінен де Күн перзенттерінің жасаған қамқорлықтарына дән риза. Жап-жасыл бояуын сығып берген жасыл жапырақтар да, көгілдір бояуын берген зеңгір көк те, қоңырқай түсін қуана берген жер де Күн анасының айтқанын екі еткен жоқ. Тал шыбықтай бұралып, кішкене кекілі желмен ойнаған Қыздың қамқорлығы Қара Қарындашты тіптен риза етті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter