Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
27.02.2022
220
АҚША ҚАРМЕН КЕЗДЕСУ
Ақша Қар Қара Қарындашты тағатсыздана күтіп жатқан. Күн Анасының айтқан тілегін екі етпеу – оның бойына сіңген асыл қасиеті. Қарындаштың жүзіндегі алабұртқан қуанышын пәк жүрегімен сезінген кейіпте нәп-нәзік белі майысып, ақша жүзі ажарлана қалыпты. Сүйкімді үнмен сүйсіне сөйлеп:
- Сен қандай батылсың! Осынша биікке талмай жеткеніңе ризамын! – деді
де қолындағы қауашағынан көз жауын алатын ақ бояуды мұның құтысына
құйып берді. Ақша Қардың шырайлы жүзіне елжірей қараған Қара Қарындаш оны Кекілді Қызға қатты ұқсатты. Киімдері өзге демесең, екеуі егіз туған
секілді. Тек бірі ойда, бірі шыңда.
- Қош, Ақша Қар. Сыйыңа үлкен рақмет! – деп жылы шыраймен қоштасты.
- Жолың болсын! – деді Ақша Қар ізетпен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter