27.02.2022
  194


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ЖЫМЫҢДАҒАН ЖҰЛДЫЗ

Қара Қарындаш кенет көзін ашып алып, есінеп жіберді де, қуыстан аспан әлеміне көз тастады. Сонау алқара көк жүзінде жарқырай жанған жеке жұлдыз бұған жымың еткен сияқтанды. Ол енді зер салып қарап еді, шынында да, жарық жұлдыз зеңгір биіктен төменге көңілдене көз тастап тұр екен. Ол осы мезетте ұйқыдағы Ақ Альбомды оятып, оның ақ парағына сол жұлдызды салғысы келіп кетті. «Шіркін-ай, келістіріп бір салсам-ау! Көрген жандар бас шайқап, таңдай қақса ғой!» Қара Қарындаш көпке дейін мазасыз күй кешті. Ақ Альбом бетіне салған суреттері туралы ойлады. Сол суреттерді өзін қалам етіп жасаған Қыз бен Жігіт көрсе, екеуі де қатты қуанар еді деген қиялға да берілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу