Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
27.02.2022
276
ҚАРА ҚАРЫНДАШТЫҢ БАТЫЛДЫҒЫ
Қимылы ширақ Қара Қарындаш Ақ Альбомды қолтықтаған күйі, ашық терезе желдеткішіне қарай бір-ақ секірді. Қуанышында шек жоқ. Алдынан айқара ашылған ай шуақ әлемге ашық ажармен қарады. Жерге түскенше тыныш тұра алар емес. Қасындағы жолдасының жүзіне көз салып еді, ол әлденені уайымдап тұрғандай екен.
- Неменеге ойлана қалдың?
- Қожамыз бізді іздемес пе екен?
- Іздесе іздей берсін. Енді мен бұл қапасқа қайтып оралмаймын.
Әбден тұншығып өлер болдым.
Ақ Альбом оның бұл сөзіне жай ғана езу тартты.
- Ал сені арнайы іздесе қайтесің? Тауып алса, аяусыз жазалары сөзсіз.
Ол
- қатыгез адам.
- Жоқ, ол енді мені ұстай алмайды. Сен, немене, сөзіңнен айниын дедің
бе?
- Жоқ, сен үшін қиналып тұрмын.
- Неге?
- Біз – көп альбомбыз. Менің кетіп қалғанымды ол білмей де қалады.
Ал
сен ерекше есепте тұрған Қарындашсың. Ішке кірісімен, сені іздеуі айдан анық.
Қара Қарындашты бұл сөз ойландырып тастады. Бірақ лезде бойын жиып алып, сергек үнмен:
- Жоқ, достым! Шешінген судан тайынбас! Алғашқы сөзім – сөз!
Кеттік, –
деді шешімді үнмен.
Ақ Альбом оның жүзіне таңдана қарады. Аңғарғаны – Қара Қарындаш алған беттен қайтпастай райда тұр екен. «Өзі шынында да қайсар мінезді-ау»,
- деп іштей түйді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter