27.02.2022
  172


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ҰЙЫТҚЫҒАН ҚҰЙЫН

 


Қара Қарындаш сәл-пәл шаршаңқырағандай еді. Әсіресе ағаштардың


жапырақтарын салған кезде едәуір қиналған. Қазіргі жайын тез түсінген Ақ Альбом оны мазаламай-ақ қояйын деп түйді.


Осы мезетте қайдан шыға келгені белгісіз, алай-түлей бір құйын соғып өтті. Ұйтқи үйіріліп, ілгері жылжыған сайын қомақтана, етек-жеңітүріле көтерілген құйын жердегі шөп-шаламдарды қан көбелек айналдырып келеді. Тап осы сәтте сарт етіп терезенің желдеткіші ашылып кетті де, бөлме ішіне екпіндей енген құйын үстел үстіндегі Ақ Альбомды қобыратып, еденге ұшырып түсіре жаздады. Бойын жиып ала қойған Қара Қарындаш шапшаң қозғалып, оның шетінен ұстай алды.



  • Рақмет! – деді Ақ Альбом ризашылықпен.

Бөлменің ауасы тазарып, бойлары сергіп сала берсін. Желдеткіштің ашылып кеткені мұндай жақсы болар ма. Ағаштардың шуылы, құстардың әр түрлі әуенге толы үндері, көшедегі жүргіншілердің дауыстары, алыстан талықсып жеткен бейтаныс сарындар бөлме ішін әуезді күйге бөлеп жіберді.


Қара Қарындаш та, Ақ Альбом да бұл күйге барынша қуанысып, бір- біріне шаттана қарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу