27.02.2022
  384


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТАНЫСУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ

Дәурен Эвриробқа қарсы жүрді. Ізгілік нұры ұялаған жүзбен келіп, Эвриробпен қол алысып сәлемдесті.


Саусақтары сәл қаттылау демесең, бүгілу икемі де, қимылы да сондай үйлесімді екен.


Дөңгелек экрандағы жарқ-жұрқ еткен жанарында ерекше елгезектік, ширақтық бар.



  • Сенің атың кім?
  • Дәурен.
  • О, есімің жақсы екен.

Дәуреннің балаң көңілін алаң етіп тұрған бір жай бар. Ол – қара қалпақ иесінің қолындағы мылтықтың қас қағым сәт арасында қақ бөлініп, істен шығуы. Құмарлық ниет құйындвй жүйткіп, білсем деген ынтасы бүйірден түрткілейді.



  • Эврироб, сен анау қалпақтының қолындағы мылтықты қалай құрттың, соған таңмын.

 


-Ол деген түк емес. Мына блокты көрдің бе? – деп кеудесіндегі көгілдір кнопканы көрсетті. Қандай металл, темір болмасын, шоқталған электромагниттік импульсті жіберсем болды, тас-талқанын шығарады.



  • Ғажап, өте ғажап!? – деп Дәурен бас шайқай таңданды. Кеудесі толы, бүйірі толы түрлі-түсті кнопкалардың көптігіне және қайран қалды.
  • Ал мына бар кнопкалардың да қызметтері бар ма?

-Әрине, бар, - деп Эврироб Дәуренге күлімсірей көз тастады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу