Әңгімелер ✍️
КҮТПЕГЕН ҚОРҚЫНЫШ
Бәрі де күтпеген жерден басталды.
Дәрен өзен жағасындағы биік талдың түбінде жабайы кептердің қанаты жарақаттанған балапынын қолына ұстап отырған.
-Әй, обал-ай! Қандай оңбаған екен сендердің ұяларыңды бұзған. – Ол қатты дауыстап жіберді.
Ағаш түбінде өліп жатқан балапанға аянышпен көз тасады.
- Шіркін, қолға түссе ғой, сазайын берер едім кім болса да! – деп кіжініп қойды. Ауаны жаңғырықтыра әлдекім ақыра дауыстады.
-Кім? Сен бе саза беретін! Ол селк етіп, жар басына қарады. Бір бүйірін таянып, қолына ұстаған мылтығын көкке көтеріп тұрған бөгде жан назарға шалынды. Басында қайқы жиекті қара қалпағы бар. Беліндегі патрондар салынған оқшантайы суық жарқылдап, көзге ұрады. Қошқар мүйіздене ширатылған қара мұрты мен көзіндегі қара көзілдірік беймәлім жанға бөлекше сұс беріп тұр.
-Мына ақымақтың жаны ашығышын! Ал құстың ұясын бұзған мына мен! Қыларың болса қылып қал, атқан мен, өлтірген мен! Не істей қоясың ә? – деп суық жымиып, зор дауыспен сақылдай күлді.
Дәуренде жауап берер әл-дәрмен қалған жоқ. Төбесінен жаналғыш әзірейілдей төніп тұрған мына сұмдықтан құтылар жолды толық ойлап үлгере алмады.
Кенет әлгінің қолындағы жарқ-жұрқ еткен сұсты мылтық ортасынан қақ бөлініп, опырылып түсті. Қалай бөлініп, қалай болғанын Дәурен де, мылтық иесі де ұқпай қалды.
Қайқы жиекті қара қалпақ егесі есі шыға:
-А-а-а! – деп айқайлап жіберді де, сылқ етіп отыра кетті. Жан-жағына алақ-жұлақ қарап, бәленің қайдан келгенін ұққысы келген сыңайда. Дәурен де абдыраған халден әлі ажырай қойған жоқ-ты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter